бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне
жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.
Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық
тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз
дамыту; оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты
тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту, т.с.с.
Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің
эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар,
құбылыстар, көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен
қатысы.
Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен
көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша
конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру;
әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау;
тірі табиғат бұрышын және т.б. жасау.
Достарыңызбен бөлісу: