Кәсіби бағдарлау
–
отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам және коммерциялық
мекемелердің ел тұрғындарына кәсіп таңдау, іріктеу және ауыстыру жолында
жәрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық әрі ұйымдастыру – тәжірибелік іс-
әрекеті. Бұл қызмет әр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің
қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кәсіби бағдарлау ісі – әр адамның өз жеке
басына
сай
кәсіпті
өзінше
айқындап,
таңдауына
жәрдем
ретінде
ұйымдастырылатын әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық,
медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген
жүйесі.
Кәсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кәсіптік қызметтерді қамтиды:
-
ағарту
– тәрбиеленушілерді әрқандай кәсіптердің әлеуметтік –экономикалық,
психологиялық –физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;
-
диагностикалау
– кәсіп таңдауға байланысты адам жүйке жүйесінің
ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-
бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;
-
кеңес беру
– кәсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара
психологиялық ерекшеліктері арасындағы сәйкестікті айқындау;
-
Достарыңызбен бөлісу: |