№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№13 дәріс тақырыбы. Отбасы тәрбиесінің негіздері



Pdf көрінісі
бет184/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
№13 дәріс тақырыбы. Отбасы тәрбиесінің негіздері 
1.
 
Отбасы – тәрбие факторы. 
2.
 
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. 
3.
 
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі. 
Отбасы – тәрбие факторы
.  
Отбасы  барлық  уақытта  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін 
шешуде  үлкен  мүмкіндіктерге  ие  болған.  Қазіргі  заманғы  отбасының  өсіп  келе 
жатқан  ұрпақтың  тәрбиесі  мәселелерін  шешудегі  ерекшелігі  –  ата-ананың  білім 
және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. 
Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт 
ретінде  анықталады,  ол  отбасы  мүшелері  арасындағы  өзара  қатынастардың 
қалыптасуы  мен  дамуына  септігін  тигізетін  адамдардың  жақындығы,  туыстық 
қатынастар,  өзара  тұрмыстық  өмір.  Отбасы  тәрбиесінің  артықшылығы  да  осы 
қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. 
Отбасы  –  болашақ  азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы  қадамдарын 
жасайтын  бастапқы  ұя.  Ол  балаға  моральдық  қалпы  туралы  алғашқы  түсініктер 
береді,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдыларын  қалыптастырады. 
Ата-ананың  іс-әрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір  сүру  салты  арқылы  балаға 
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. 
 Отбасы  тәрбиесінің  қоғамдық  және  мемлекеттік  тәрбиеге  қарағанда 
артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, 
экономикалық  және  демографиялық  өзгерістер  отбасыға  белгілі  бір 
қиыншылықтар туғызады. 
 Нарық қатынастарының дамуы отбасыда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан 
ересектердің  де,  балалардың  да  жаңа  құндылық  бағыттарын  қалыптастырып, 
отбасы  өміріне  елеулі  өзгерістер  әкелді.  Ата-ана  мен  мұғалімдердің  міндеті  – 
қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті 
дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының 
мәдениетіне үйрету  жұмыстарын ойластыру қажет.  Ата-ананың маңызды міндеті 
балаларымен  біріккен  қызмет-әрекетке  қатысып,  оны  бақылау,  оларды  баланың 
адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін 
орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, 
олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік 
тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне өзінше қиындық әкелді. 
Өркениетті  қоғам  дамыған  сайын  отбасыдағы  бала  саны  азайып  келеді.  Аз 
балалы отбасыда, негізінен, бір баласы бар отбасыда ішкі отбасылық тәрбиенің ең 
басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша 
педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен 
атасының  артық  көңіл  бөлуі  оны  белсенділігінен  айырып,  оның  эгоистік 
жақтарының басым болуы. 
Толық емес отбасыларда, яғни ата-анасының біреуі жоқ отбасыларда тәрбиелік 
мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы 
мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана болады. 


Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. 
Ананың  уақыты  жетпеуі  көбінесе  насихат,  жазғыру,  ұрсу  сияқты  тәрбиелік 
ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады. 
Микроклиматы  жағымсыз,  отбасы  өмірі  ұрыс-керіске,  ата-ананың  бір-біріне, 
балаларына  деген  шағымдарына,  айқай-шуға,  қорлық  сөздер  мен  іс-әрекеттерге 
толы отбасыларда тәрбие проблемалары туындайды. 
Ата-ана  құқығынан  айрылғалы  тұрған  ата-аналар  әлеуметтік  және 
педагогикалық  проблемалар  тудырады.  Мемлекет  олардың  ата-аналық 
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда 
бұл  ретте  олардың  өмірі  өз  мәнін  барынша  жоғалтады,  өйткені  өмір  сүру  мен 
дамудың маңыздылығы кемиді. 
 Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда 
болуына,  жеке  адамның  баю  мүмкіндігінің  тууына  байланысты  материалдық 
жағынан  ауқатты  отбасылар  пайда  бола  бастады.  Мұндай  отбасыларда  тәрбие 
белгілі  бір  проблемаға  кездеседі.  Көбінесе  бұндай  отбасыдағы  бала  балалық 
ұжымдардан  алшақ  болады,  оның  ерекшелік  сезімі  қалыптасып,  қоршаған 
адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.  
Отбасы  тәрбиесінің,  ата-ананың  әлеуметтік-жауапкершілік  қызмет-әрекеті 
ретінде  басты  құқықтық  негізі  бар.  1989  жылдың  20  қарашасында  БҰҰ  Бас 
Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат 
болып  табылады.  Онда  «Балаға,  дене  жағынан  және  ақыл-ойының 
жетілмегендігінен,  арнайы  қорғау  мен  қамқорлық,  соның  ішінде,  оны  туылғанға 
дейін және туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған. 
Баланың  өмір  сүру,  тіршілік  ету  және  салаулатты  даму  құқығын  жариялай 
отырып,  Конвенция  баланың  жеке    тұлғалық  дамуында  өзінің  дербестігін, 
даралығын  сақтау  құқығына  ерекше  көңіл  бөледі.  Сондай-ақ  баланың  ата-анаға 
деген  құқығы  да  ескеріледі.  Ата-ана  «баланың  мақсат-мүддесі  үшін  қажетін» 
орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады. 
Осы  Конвенцияға  қол  қойған  мемлекеттер  мына  міндеттерді  орындауы  тиіс: 
ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға 
жағдай  жасау,  жоғары  білім  алуға  жол  ашу.  Конвенцияның  28  тарауында 
«мектептегі  тәртіп  баланың  адами  қадір-қасиетіне  құрмет  көрсететін  әдістер 
арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен. 
Конвенция,  сондай-ақ      БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1959  жылдың  20 
қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының 
жалпы  декларациясы»  және  басқа  да  көптеген  халықаралық  құжаттар  ҚР 
Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы 
тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР 
Конституциясының 27 тарауында былай делінген: 
1.Неке  мен  отбасы,  аналық,  әкелік  және  балалық  мемлекет  қамқорлығының 
аясында. 
2.Балаларды қорғау мен тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті. 
3.Кәмелетке  толған  және  еңбекке  жарамды  балалар  еңбекке  жарамсыз  ата-
аналарына қамқорлық жасауы тиіс. 


ҚР  Конституциясында  бектілген  отбасы  тәрбиесінің  құқықтық  принциптері 
«Неке және отбасы туралы» заңда (17.12.1998ж) нақтыланған. Онда қазіргі заманға 
отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу 
еркіндігі,  ерлі-зайыптылардың  отбасы  қатынасындағы  тең  құқығы  сияқты  негізгі 
принциптері  жазылған.  Бұл  құқықтар  отбасы  өміріндегі,  отбасы  ұжымындағы 
өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық 
тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: 
«Баланың  өз  ата-анасы  тарапынан  тәрбиелеуіне,  оның  тілек-қалауларының 
орындалуына,жан-жақты  дамуына,оның  адами  қадір-қасиетінің  сыйлануына 
құқығы  бар».  Бала  ата-ана  билігіне  тәуелді  объект  ретінде  емес,  өзіндік  құқық 
субъектісі ретінде қарастырылады. 
ҚР «Білім туралы» заңында (07.06.1999ж) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті 
мемлекеттік-құқықтық  реттеудің  мәселелеріне  айрықша  көңіл  бөлінген.  Бұл 
құжаттың  нақты  жасалған  құқықтық  негізі  бар,  ол  ата-аналарға  және  балаларға 
олардың  қазіргі  заманның  талабына  сай  зиялы  білім  алуларына,  құқықтық  кепіл 
береді. Ат-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін 
салауатты  және  қауіпсіз  жағдайлар  жасау  керек,  бала  жеке  тұлғасының 
интелектуалды,  дене-күш  және  адамгершілік  қасиеттерінің  дамуын  қамтамасыз 
етулері  керек.  Жалпы  алғанда,  Қазақстан  Республикасында  елдегі  білім  беру-
тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, 
отбасының  дамуына  кепіл  беретін  және  отбасы  өмірінің,  отбасы  ұжымындағы 
өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың 
жүйесі жетілген. 
Отбасы, барлық уақытта да, өсiп келе  жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн 
шешуде  үлкен  мүмкiндiктерге  ие  болған.  Қазiргi  заманғы  отбасының  өсiп  келе 
жатқан  ұрпақтың  тәрбиесi  мәселелерiн  шешудегi  ерекшелiгi  –  ата-ананың  бiлiм 
және жалпы мәдени деңгейiнiң жоғарлауы.  
Балалардың отбасыдағы тәрбиесi оның белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт 
ретiнде  анықталады,  ол  отбасы  мүшелерi  арасындағы  өзара  қатынастардың 
қалыптасуы  мен  дамуына  септiгiн  тигiзетiн  адамдардың  жақындығы,  туыстық 
қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесiнiң артықшылығы 
да осы қатынастарда, оны тәрбиеніњ ешқандай да түрi алмастыра алмайды. Отбасы 
тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды: 
1.
 
Репродуктивті – баланың туылуы. 
2.
 
Тәрбиелілік  –  отбасының  әрбір  мүшесінің  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы. 
3.
 
Тұрмыстық-экономикалық  - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару. 
4.
 
Коммуникативті  –  отбасылық  қатынасты,  басқа  адамдармен  қатынасты 
ұйымдастыру. 
5.
 
Рекреативті – іс-әрекет ұйымдастыру (1 сурет). 
 
 
 


 
Сурет 1. Отбасының негізгі қызметтері 
Отбасы  –  болашақ  азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы  қадамдарын 
жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсiнiктер 
бередi,  оны  еңбекке  баулып,  өз-өзiне  қызмет  ету  дағдыларын  қалыптастырады. 
Ата-ананың  iс-әрекетi  мен  мiнез-құлқы,  өмiр  сүру  салты  арқылы  балаға 
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтiк-саяси құндылықтар берiледi.  
Отбасы  тәрбиесiнiң  қоғамдық  және  мемлекеттiк  тәрбиеге  қарағанда 
артықшылығы басым. Алайда, қазiргi қоғамдық өмiрде болып жатқан әлеуметтiк, 
экономикалық  және  демографиялық  өзгерiстер  отбасыға  белгiлi  бiр 
қиыншылықтар туғызады.  
Нарық  қатынастарының  дамуы  нәтижесiнде  отбасыда  айтарлықтай 
адамгершілік тұрѓыдан ересектердiң де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын 
қалыптастырып,  отбасы  өмiрiне  елеулi  µзгерістер  єкелді.  Ата-ана  мен 
мұғалiмдердiң  мiндетi  –  қоғамдық  қатынастардың  жаңа  жүйесi  ұсынып  отырған 
әлеуметтiк  мүмкіншілікті  дұрыс  пайдалану.  Мектеп  пен  отбасы  балаларды  тауар 
мен  ақша  қатынастарының  мәдениетiне  үйрету  жұмыстарын  ойластыру  қажет, 
сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игiлiк үшiн 
және өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құқықтық екi жақты қызмет көрсету 
екенiн  түсiндiру.  Ата-ананың  маңызды  мiндетi  балаларымен  бiрiккен 
коммерциялық  қызмет-әрекетке  қатысып,  оны  бақылау,  оларды  баланың 
адалдығын, адамгершiлiгiн, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудiң әртүрiн 
орындауѓа үйрету. Нарық отбасы мүшелерiнiң алатын орнына жанама әсер етедi, 
олардыњ өмiрiне жаңа әлеуметтiк бағдарлар енгiзедi. Қоғамдық және мемлекеттiк 
тәрбие беделiнiң төмендеуi отбасы өмiрiнiң тәрбиесіне “өзiнше” қиындық әкелді. 
Өркениеттi  қоғам  дамыған  сайын  отбасыдағы  бала  саны  азайып  келедi.  Аз 
балалы отбасыда, негiзiнен бiр баласы бар отбасыда, iшкi отбасылық тәрбиенiң ең 
басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бiр баланың тәрбиесi қосымша 
педагогикалық күш салуды талап етедi. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесi мен 
атасының  артық  көңiл  бөлуi  оны  белсендiлiгiнен  айырып,  оның  эгоистiк 
жақтарыныњ басым болуып қалыптастырады.  
коммуникативті 
Тәрбиелілік 
    Тұрмыстық - 
экономикалық 
           Рекреативті 
Репродуктивті 


Толық  емес  отбасыларда,  ата-анасының  бiреуi  жоқ  болған  отбасыларда 
тәрбиелiк 
мәселелердi 
шешуде 
кейбiр 
адамгершілік-психологиялық 
ыңғайсыздықтар болуы мүмкiн. Мұндай отбасылардың көбiнде ана мен бала ғана 
болады.  
Отбасы тәрбиесiнiң проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. 
Ананың  уақыты  жетпеуi  көбiнесе  насихат,  жазғыру,  ұрсу  сияқты  тәрбиелiк 
ықпалдың нәтижесiз әдiстерiн пайдалануға мәжбүр етеді.  
Микроклиматы  жағымсыз,  отбасы  өмiрi  ұрыс-керiске,  ата-ананың  бiр-бiрiне, 
балаларына  деген  шағымдарына,  айқай-шуға,  қорлық  сөздер  мен  iс-әрекеттерге 
толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.  
Ата-ана  құқығынан  айрылғалы  тұрған  ата-аналар  әлеуметтiк  және 
педагогикалық  проблемалар  тудырады.  Мемлекет  олардың  ата-аналық 
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесiн басшылыққа алады. Алайда 
бұл  ретте  олардың  өмiрi  өз  мәнiн  барынша  жоғалтады,  өйткенi  өмiр  сүру  мен 
дамудың маңыздылығы кемиді.  
Елдегi түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жекеменшiктiң пайда 
болуына,  жеке  адамның  баю  мүмкiндiгiнiң  тууына  байланысты  материалдық 
жағынан  ауқатты  отбасылар  пайда  бола  бастады.  Мұндай  отбасыларда  тәрбие 
белгiлi  бiр  проблемаға  кездеседі.    Көбiнесе  бұндай  отбасыдағы  бала  балалық 
ұжымдардан  алшақ  болады,  оның  ерекшелік  сезiмi  қалыптасып,  қоршаған 
адамдарға деген жөнсiз наразылыќ эгоизмі тууы мүмкiн.  
Отбасының  жоғары  материалдық  ауқаттылығы  (материалдық  жағдайының 
төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда ќолањсыз жағдайлар туғызады. 
Мектеп  отбасы  әдiстемелерiн  нақтылап,  оның  кемшіліктерін  түзете  отырып,  бұл 
проблемаларды жеңуге тырысу керек.  
Осылайша,  демократиялық  қоғамда  ата-ананың  бала  тәрбиесiндегi  қызметi 
толығымен  қалпына  келетiнiн  есте  ұстауымыз  керек.  Алайда,  қазiргi  заманғы 
әлеуметтiк-экономикалық  жағдайлар  бала  тәрбиесiнде  қиыншылықтар  туғызып 
отыр. Ата-ана отбасы тәрбиесiнiң маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, 
оның моралдық қасиеттерiн қалыптастырулары қажет.  
Отбасы  тәрбиесiнiң,  ата-ананың  әлеуметтiк-жауапкершiлiк  қызмет-әрекетi 
ретiнде  басты  құқықтық  негiзi  бар.  1989  жылдың  20  қарашасында  БҰҰ  Бас 
Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негiзгi құжат 
болып  табылады.  “Балаға,  дене  жағынан  және  ақыл-ойының  жетiлмегендiгiнен, 
арнайы қорғау мен қамқорлық, соның iшiнде, туылғанға дейiнгi және туылғаннан 
кейiнгi тиiстi құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.  
Баланың  өмiр  сүру,  тiршiлiк  ету  және  салауатты  даму  құқығын  жариялай 
отырып,  Конвенция  баланың  жеке  тұлғалық  дамуында  өзiнiң  дербестiгiн, 
даралығын  сақтау  құқығына  ерекше  көңiл  бөледi.  Сондай-ақ  баланың  ата-анаға 
деген  құқығы  да  ескерiледi.  Ата-ана  “баланың  мақсат-мүддесi  үшiн  қажетін” 
орындамаѓан жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.  
Осы  Конвенцияға  қол  қойған  мемлекеттер  мына  мiндеттердi  орындауы  тиiс: 
ақысыз және бәрiне мiндеттi бастауыш бiлiм беруді енгiзу, орта және кәсiби бiлiм 
алуға  жағдай  жасау,  жоғары  бiлiм  алуға  жол  ашу.  Конвенцияның  28  тарауында 


“мектептегi  тәртiп  баланың  адами  қадiр-қасиетiне  құрмет  көрсететiн  әдiстер 
арқылы жүргiзiлуi тиiс” деп, ерекше аталып кеткен.  
Конвенция,  сондай-ақ  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының    1959  жылдың  20 
қарашасында қабылдаған “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының 
жалпы  декларациясы”  және  басқа  да  көптеген  халықаралық  құжаттар  ҚР 
Конституциясының iшкi отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы 
тәрбиесi және ағартушылығы мәселелерiн қамтитын тарауларына негiз болды. ҚР 
Конституциясының 27 тарауында былай делiнген: 
1.  Неке  мен  отбасы,  аналық,  әкелiк  және  балалық  мемлекет  қамқорлығының 
аясында. 
 
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және мiндетi. 
3.  Кәмелетке  толған  және  еңбекке  жарамды  балалар  еңбекке  жарамсыз  ата-
аналарына қамқорлық жасауы тиiс.  
ҚР Консититуциясында бекiтiлген отбасы тәрбиесiнiң құқықтық принциптерi 
“Неке  және  отбасы  туралы”  заңда  (17.  12.  1998  ж.)  нақтыланған.  Онда  қазiргi 
заманғы отбасы құқығының бiр некелiк, некеге тұрудың бостандығы мен еркiндiгi, 
ажырасу еркiндiгi, ерлi-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты 
негiзгi  принциптерi  жазылған.  Бұл  құқықтар  отбасы  өмiрiндегi,  отбасы 
ұжымындағы  өзара  байланыстың  терең  демократияѓа  жол  ашады.  52  тарауда 
баланың  отбасылық  тәрбиесi,  оның  құқығын  және  мақсат-мүдделерiн  қорғаудың 
баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуiне, оның тiлек-
қалауларының  орындалуына,  жан-жақты  дамуына,  оның  адами  қадiр-қасиетiнiң 
сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билiгiне тәуелдi объект ретiнде емес, өзiндiк 
құқық субъектiсi ретiнде қарастырылады.  
Қазақстан  Республикасының  “Бiлiм  беру  туралы”  заңында  (07.  06.  1999  ж.) 
елдегi 
бiлiм 
беру-тәрбиелiк 
процестi 
мемлекеттiк-құқықтық 
реттеудiң 
мәселелерiне  айрықша  көңiл  бөлiнген.  Бұл  құжаттың  нақты  жасалған  құқықтық 
негiзi бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазiргi заманныњ талабына сай 
зиялы бiлiм алуларына, құқықтық кепiл бередi. Ата-ана және басқа құқық өкiлдерi 
балаларға өмiр сүру мен бiлiм алу үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасау 
керек,  бала  жеке  тұлғасының  интеллектуалды,  дене-күш  және  адамгершілік 
қасиеттерiнiң  дамуын  қамтамасыз  етулерi  керек.  Жалпы  алғанда,  Қазақстан 
Республикасында  елдегi  бiлiм  беру-тәрбие  процесiн  жүзеге  асыратын  дамыған, 
қызмет  етiп  тұрған  құқықтық  негiз  бар,  отбасының  дамуына  кепiл  беретiн  және 
отбасы  өмiрiнiң,  отбасы  ұжымындағы  өзара  байданыстың  терең  демократиялы 
қамтамасыз ететiн құқықтық нормалардың жүйесi жетiлген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет