зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдiстi қолданғанда алдын ала жоспарланған
мәселелер бойынша материалдар жинау.
Отбасы жайлы алғашқы мәлiметтердi “Менiң отбасым”, “Бiздiң отбасыдағы
демалыс күнi”, “Менiң үйдегi мiндеттерiм”, “Оқушының отбасыдағы бiр күнi” атты
шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру
солардың төңiрегiнде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық
кµзќарасы, отбасының рухани µмірі, оның мүшелерiнiң өзара қатынасы, балаларға
деген қатынасы туралы бiлуге болады.
Шығармадағы отбасы туралы мәлiметтердi ата-анадан (ата-аналар
жиналысында өткiзiлген) сұрақ-жауап арқылы алынған материалдармен
салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екi әдiстi (шығарма мен сұрақ-жауапты)
оқушылар мен ата-анадан объективтi ақпарат алу үшiн бiр уақытта өткiзу керек.
Жетiстiктер мен кемшiлiктердiң себептерi айқындалып, мектеп пен отбасының
бiрлескен қызмет-әрекетiнiң болжамы анықталады.
Отбасы – iштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгiлi бiр
қиыншылықтар негізделеді. Отбасының сипаттамасы туралы мәлiметтер алу
мақсатында отбасыға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгiме жүргiзу әдiстерi
қолданылады. Әңгiме кезiнде мақсатты түрде белгiлi бiр жоспарды ұстану керек.
Ата-анамен әңгiме өнерi мұғалiмнен өте жақсы дайындықты талап етедi.
Педагогтiң өте маңызды қасиетi – бақылағыштыѓы. Әңгiмелесiп отырған адамның
бет әлпетiнен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйiн
бiлуге болады.
Отбасы мүшелерiнiң ара қатынасы мәселелерiн анықтаудың аталған әдiстерден
басқа тағы бiр жолы “Менiң отбасымның суретi” әдісін сәби және жасөспiрiм жаста
өткiзу тиiмдi. Оқушыларға “Өз отбасыңның суретiн сал”, “Өз арманыңдағы
отбасының суретiн сал” деген тапсырмалар берiледi. Бұл әдiстiң артықшылығы
сонда – балалар өз суреттерiнде отбасы мүшелерiнiң ара қатынасы туралы
ақпаратты өз бетiнше, өз қалауымен бейнелей алады. Алайда оның объективтiлiгi
күмән келтiруi мүмкiн, оған бiрнеше себеп бар: көзбен көру-моторлық сипаттың
жетiспеуi (бала адамдардың суретiн сала алмайды, сондықтан өз отбасысын
салудан бас тартады), кейде бала өзiнiң қалауларын, тiлектерiн шындық, ақиқат
ретiнде беруге тырысады (отбасыда жоқ мүшенiң суретiн салады – оның ата-анасы
ажырасқан). Сондықтан “Отбасы суретi” арқылы алынған ақпаратты басқа да
әдiстермен толықтыру қажет.
Осы ұсынылып отырған отбасының диагностикасының әдiстерi мұғалiмге
объективтi ақпарат алуға және бөлек алынған немесе тұтас сынып отбасыларының
ұжымы ретiндегi отбасының тәрбиелiк сипатын қарастыруға, оқушылардың
отбасыларымен жұмысында әдетте кездесетiн мәселелердi табуға, ата-аналарға
бала тәрбиесiн жетiлдiрудiң белгiлi бiр жақтарын түзетуге көмектесуге мүмкiндiк
бередi.
Достарыңызбен бөлісу: