№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет189/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
 
 
 
 
 
 
 


№14  дәріс  тақырыбы.  Оқыту  -  тұтас  педагогикалық  үдерістің  құрамды 
бөлігі 
1. Дидактика туралы жалпы түсінік 
2. Оқыту процесінің мәні. 
3. Оқыту процесінің құрылымы, кезеңдері. 
4. Мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті. 
5. Оқушылардың танымдылық іс-әрекеттері. 
6. Дидактикалық принциптер 
Дидактика туралы жалпы түсінік 
Тұтас  педагогикалық  процесті  құраушы  екі  басты  процестің  бірі  –  оқыту 
процесі  (оқу  процесі)  болып  табылады.  Оқыту  процесі  күрделі  процесс  болып 
табылатындықтан оның анықтамалары да әртүрлі. 
Ерте  дәуірдегі  және  ортағасырлық  ойшылдар  еңбектерінде  «оқыту»,  «оқыту 
процесі»  ұғымдары  «білім  беру»  деген  мағына  береді.  Өткен  ғасырдан  бастап 
оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім 
беру  –  мұғалімнің  оқу  материалын  меңгертуге  бағытталған  іс-әрекеті,  оқу  – 
оқушының  ұсынылған  білімдерді  меңгеруге  бағытталған  іс-әрекеті  ретінде 
көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық 
іс-әрекетінің  тәсілдерін  қалыптастыруды  басқару  іс-әрекеті  және  мұғалім  мен 
оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды. 
Қазіргі  түсінікте  оқытудың  мынадай  белгілері  бар:  1)  екіжақты  сипат;  2) 
мұғалімдер мен оқушылардың өзара  іс-әрекеті; 3) мұғалім тарапынан басшылық; 
4)  арнайы  жоспарланған  ұйымдастыру  және  басқару; 5)  тұтастық  және  бірлік; 6) 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестік;  7)  оқушылардың  дамуы  мен 
тәрбиесін басқару. 
Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен 
білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі. Алғаш рет бұл сөз 
оқыту өнерін белгілеу үшін неміс педагогы Вольфганг Раткенің (Ратихия) (1571 - 
1635) шығармаларында кездеседі. Дидактиканы «бәрін барлық нәрсеге оқытудың 
әмбебап  өнері»  ретінде  Я.А.Коменский  де  пайдаланды.  ХІХ  ғ.  басында  неміс 
педагогы И.Ф.Гербарт дидактикаға тәрбиелей оқытудың тұтас және қайшылықсыз 
теориясы  статусын  берді.  Ратихия  заманынан  бастап  дидактиканың  негізгі 
міндеттері  –  не  нәрсеге  оқыту  және  қалай  оқыту  мәселелерін  зерттеу  өзгеріссіз 
қалып  келеді.  Қазіргі  ғылым  сол  сияқты  қашан,  қайда,  кімді  және  неге  оқыту 
мәселелерін жете зерттейді. 
Дидактика
  ғылым  ретінде  оның  пәні  аясында  әрекет  ететін  заңдылықтарды 
зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді 
талдайды,  жоспарланған  мақсаттар  мен  міндеттерді  іске  асыруды  қамтамасыз 
ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан 
дидактика 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет