Дидактикалық жүйе
(гр. systema – тұтас, бөліктерден құралған, қосынды) –
нақты критерийлер бойынша анықталған тұтас білім. Дидактикалық жүйелер
оқытудың құрылымдары, мақсаттар бірлігі, ұйымдастыру принциптері, мазмұны,
формалары мен әдістерінің ішкі бірлігімен сипатталады. Зерттеушілер өзара
ерекшеленетін үш дидактикалық жүйені бөліп көрсетеді (И.П.Подласый):
1)
И.Ф.Гербарт жүйесі (дидактикасы);
2)
Д.Дьюидің дидактикалық жүйесі;
3)
Жетілген, қазіргі дидактика.
Неміс философы және педагогы
И.Ф.Гербарт
(1776 - 1841) Я.А.Коменскийдің
дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйесін сын тезінен өткізе келе этика мен
психологияның теориялық жетістіктеріне негізделген «педагогиканың ғылыми
жүйесін» жасады. Гербарт бойынша тәрбиенің жоғарғы мақсаты – ізгілікті тұлға,
моральдық жағынан күшті мінез-құлық қалыптастыруда. Тәрбие этикалық идеялар
мен психологияның негізгі ережелеріне сүйенуі керек.
Оқытудың гербарттық жүйесінің негізгі белгілері мынадай: мектептің басты
міндеті – оқушылардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, ал тәрбие –
жанұяның ісі. Моральдық тұрғыда күшті мінез-құлық қалыптастыруға дұрыс
педагогикалық басқару, тәртіп және онымен байланысты оқыту қызмет етеді.
Басқарудың міндеті – оқушыларды ылғи жұмысқа тарту, олардың оқуын
ұйымдастыру, олардың дене және интеллектуалдық дамуын бақылау, тәртіпке
үйрету. Тәртіп үшін Гербарт тыйымдарды, шектеулерді, сол сияқты дене
жазаларын қолдануды ұсынады. Оқыту мен тәртіптің, білімдерді оқушылардың
сезімдері мен ерік-жігерлерін дамытумен ұштастыру
Достарыңызбен бөлісу: |