Мазмұн (оқыту, білім беру) – оқыту барысында оқушылар меңгеруі тиіс
ғылыми білімдердің, практикалық біліктер мен дағдылардың, іс-әрекет пен ойлау
тәсілдерінің жүйесі.
Ұйымдастыру – белгіленген критерийлер бойынша дидактикалық процесті
қалыпқа түсіру, мақсатқа дұрыс жету үшін оған қажетті форма беру.
Форма (лат. forma – сыртқы түр, қабық) – оқу процесінің өмір сүру тәсілі, оның
ішкі мәнінің, логикасы мен мазмұнының қабығы. Форма көбінесе оқушылар
санымен, оқыту уақыты мен орны, оның орындалу тәртібімен байланысты.
Әдіс (лат. metodos – жол, тәсіл) – оқыту мақстаы мен міндеттеріне жету, оларды
іске асыру жолы.
Құрал – оқу процесін заттық қамтамасыз ету. Құрал болып педагог дауысы
(сөзі), кең мағынада оның шеберлігі, оқулықтар, сынып жабдықтары, т.б.
табылады. Бұл түсінік басқа мағынада да қолданылуы мүмкін.
Нәтижелер (оқыту өнімдері) – оқытудың соңғы нүктесі, оқу процесінің
салдарлары, қойылған мақсаттың орындалу деңгейі.
Дидактиканың негізгі категориялары өзара байланысты.
Дидактикалық жүйелер және оқыту модельдері
Достарыңызбен бөлісу: