№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Мектеп пен отбасының әрекеттістігі



Pdf көрінісі
бет187/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Мектеп пен отбасының әрекеттістігі.
  
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары 
айқындалған:  ата-аналармен  ұйымдастырушылық  –  педагогикалық  жұмыс;  ата-
аналардың  педагогикалық  сауаттылығын  дамыту;  ата-аналармен  баланың  оқу 
үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу. 


Ата-аналармен  ұйымдастырушылық  –  педагогикалық  жұмыс  ата-аналар 
комитеті  (жалпы  мектептік,  сыныптық),  ата-аналар  жиналысы  және 
конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – 
ең  белсенді,  ықыласты  деген  ата-аналардан  тұратын  қоғамдық  орган,  ол  жалпы 
мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда 
(  сыныптық  ата-аналар  комитеті)  сайланады.  Ол  5-6  адамнан  (  өзара  негізгі 
міндеттерді  бөліп  алатын  председательден  және  4-5  мүшесінен)  тұрады.  Керек 
болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы 
топтары құрылуы мүмкін.  
Дұрыс және жақсы қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң 
қолы. 
Сыныптың 
барлық 
күнделікті 
жұмысы 
(ұйымдастырушылық, 
орындаушылық,  бастамалық,  тәрбиелік,  бақылаушылық,  үгіттеушілік)  сынып 
жетекшісінің  шебер  әрі  бағыттаушылық  ықпалымен  ата-аналар  комитетінің 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Ата-аналар  комитетінің  мүшелері  сынып 
жетекшісіне  мектеп  пен  оқушылардың  отбасылары  арасындағы  байланысты 
орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ( мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, 
театрға  саяхатты,  т.б.)  өткізуге  көмектеседі.  Олар  педагогикалық  жағынан 
кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.  
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары – оның мүшелерінің 
ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру ( алғыстар, 
грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару 
арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.  
Мектеп пен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық 
–  педагогикалық  формаларына,  сондай-ақ,  ата-аналар  жиналыстары  мен 
конференциялары  жатады.  Олар  жалпы  мектеп  бойынша  да,  жеке  сыныптар 
бойынша  да  өткізіледі.  Жалпы  мектептік  ата-аналар  жиналысы  немесе 
конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің 
өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 
2-3 рет өткізіледі. 
Отбасымен  ұйымдастырушылық-педагогикалық  жұмыстың  ең  тікелей 
формасы  жеке  сынып  оқушылары  ата-аналарының  жиналыстары.  Мұндай 
жиналыстарда  сынып  жетекшілері  оқушылардың  үлгерімі  мен  тәртібінің  сынып 
өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен 
мектептің  тәрбие  жұмысында  ортақ  мақсаттарды  анықтау  үшін  өте  маңызды. 
Жиналыстарды  оқушылармен  бірігіп  өткізген  тиімді.  Ата-аналар  жиналысы 
әртүрлі  болуы  мүмкін:  тақырыптық,  жиналыс-практикумдар,  қорытынды, 
тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да 
сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізінде ата-аналар жиналысы 
(немесе  конференцияларды)  өткізіп  тұру  керек,  яғни  бұл  процестің  жетекші 
(өзгермелі)  сипаттары  арқылы  мектептегі  және  отбасыдағы  шынайы  жайды 
анықтау үшін керек. 
Отбасыға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды  тәсілі – ата-аналардың 
педагогикалық  сауатын  дамытуды  ұйымдастыру.  Мектеп  ата-аналардың 
педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-
жауап  кештерін,  әкелер  конференцияларын,  т.б.  өткізу  арқылы  ұйымдастыруға 


тырысады.  Бұл  орайда,  әрбір  мектеп  өз  жағдайына,  «отбасы  суреті» 
ерекшеліктеріне,  оқушылар  тәрбиелілігіне  сәйкес  ата-аналардың  педагогикалық 
сауатын дамытуды нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала 
тәрбиесін  жақсартудағы  педагогикалық  консультациялар  және  практикалық 
кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады. 
Отбасыны  мектеп  жұмысына  тартудың  нәтижелі  формасының  бірі  «кіші 
педагогикалық  кеңестер»,  ата-аналардың  белсенді  мүшелерімен  бірігіп 
мұғалімдердің  нақты  бір  сыныптың  оқыту-тәрбие  процесінің  әртүрлі  мәселелері 
бойынша ерекше кеңестер өткізуі. 
Осылайша,  мектеп  пен  отбасының  сынып  жетекшісі  арқылы  реттелетін 
педагогикалық  процестерінің  ара  қатынасы  мұғалім  қызметінің  диагностикасы 
негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған 
мақсат  пен  міндеттер  оның  оқушылары  мен  олардың  отбасыларымен  әрі  қарай 
жұмысының бағыттарын да анықтайды.              
Қазiргi уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетiнiң келесi бағыттары 
айқындалған:  ата-аналармен  ұйымдастырушылық-педагогикалық  жұмыс;  ата-
аналардың  педагогикалық  сауаттылығын  дамыту;  ата-аналармен  баланыњ  оқу 
үлгерiмi мен тәрбиесiн жақсарту үшiн жүйелi жеке дара жұмыстарын жүргiзу.  
Ата-аналармен 
ұйымдастырушылық-педагогикалық 
жұмыс 
ата-аналар 
комитетi  (жалпы  мектептiк,  сыныптық),    ата-аналар  жиналысы  және 
конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитетi – 
ең  белсендi,  ықыласты  деген  ата-аналардан  тұратын  қоғамдық  орган,  ол  жалпы 
мектептiк (жалпы мектептiк ата-аналар комитетi) немесе сыныптық жиналыстарда 
(сыныптық  ата-аналар  комитетi)  сайланады.  Ол  5-6  адамнан  (өзара  негiзгi 
мiндеттердi  бөлiп  алатын  председательден  және  4-5  мүшесiнен)  тұрады.  Керек 
болған жағдайда ата-аналар комитетiнiң жанында кеңестер, комиссияның ынталы 
топтары құрылуы мүмкiн.  
Дұрыс және тұрақты қызмет ететiн ата-аналар комитетi – сынып жетекшiсiнiң 
оң  қолы.  Сыныптың  барлық  күнделiктi  жұмысы  (ұйымдастырушылық, 
орындаушылық,  бастамалық,  тәрбиелiк,  бақылаушылық,  үгiттеушiлiк)  сынып 
жетекшiсiнiң  шебер  әрi  бағыттаушылық  ықпалымен  ата-аналар  комитетiнiң 
көмегiмен  жүзеге  асырылады.  Ата-аналар  комитетiнiң  мүшелерi  сынып 
жетекшiсiне  мектеп  пен  оқушылардың  отбасылары  арасындағы  байланысты 
орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелердi, кештердi, саяхаттарды, 
театрға  саяхатты,  т.б.)  өткiзуге  көмектеседi.  Олар  педагогикалық  жағынан 
кемшiлiгi бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргiзе алады.  
Ата-аналар комитетi жұмысының жемiстi болу шарттары – оның мүшелерiнiң 
ата-аналар ұжымының алдында есеп беруi, оның іс-әрекетiне дем беру (алғыстар, 
грамоталар, жұмыс тәжiрибесiн талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару 
арқылы), сынып жетекшiсiмен үздiксiз ынтымақтастық әрекет. 
Мектептiң  отбасылармен  ұйымдастырушылық-педагогикалық  жұмыстар 
жүйесiнде  мектеп  кеңестерiнiң  қызмет-әрекетi  ерекше  орын  алады,  олардың 
қызметтерi  сан  түрлi  болып  келедi.  Олар  ата-аналардың  мектеппен  байланысын 
нығайтуға,  олардың  педагогикалық  сауаттылығын  ұйымдастыруға  ықпал  етiп, 


кейбiр отбасыларға тєрбиеден көмек көрсетедi (көп балалы отбасыларға, жағдайы 
нашар отбасыларға). 
Кей  мектептерде  құрамына  жергiлiктi  әкiмшiлiк  өкiлдерi,  кәсiпорын,  фирма, 
мәдени-ағартушылық  ұйымдар,  мәдени  ұлттық  орталықтар  басшылары  кiретiн 
қамқорлық  кеңестерi  қызмет  етедi.  Қамқорлық  кеңестер  мектепке  жөндеу  және 
жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тiлек-қалаулары бойынша клубтарды 
ұйымдастыруға, кәсiби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бiтiрушiлердiң 
одан әрi бiлiмiн жалғастыруда демеушiлiк көмек көрсетедi. 
Мектеп пен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерiнiң ұйымдастырушылық-
педагогикалық  формаларына,  сондай-ақ,  ата-аналар  жиналыстары  мен 
конференциялары  жатады.  Олар  жалпы  мектеп  бойынша  да,  жеке  сыныптар 
бойынша  да  өткiзiледi.  Жалпы  мектептiк  ата-аналар  жиналысы  немесе 
конференцияларда отбасы мен мектептiң оқыту-тәрбие жұмыстарын жетiлдiрудiң 
өзектi мәселелерi талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 
2-3 рет өткiзiледi.  
Отбасымен  ұйымдастырушылық-педагогикалық  жұмыстың  ең  тiкелей 
формасы  жеке  сынып  оқушылары  ата-аналарының  жиналыстары.  Мұндай 
жиналыстарда  сынып  жетекшiлерi  оқушылардың  үлгерiмi  мен  тәртiбiнiң  сынып 
өмiрi жайлы, ұжым мiндеттерi туралы, т.б. ақпарат бередi. Жиналыстар отбасы мен 
мектептiң  тәрбие  жұмысында  ортақ  мақсаттарды  анықтау  үшiн  өте  маңызды. 
Жиналыстарды оқушылармен бiрiгiп өткiзген тиiмдi. Ата-аналар жиналысы әртүлi 
болуы  мүмкiн:  тақырыптық,  жиналыс-практикумдар,  қорытынды,  тоқсандық, 
жылдық,  топтық,  әңгiмелесу-жиналыстар,  т.б.  Жылына  бiр  рет  болса  да  сынып 
немесе мектеп деңгейiнде диагностикалық негiзде ата-аналар жиналысын (немесе 
конференцияларды)  өткiзiп  тұру  керек,  яғни  бұл  процестiң  жетекшi  (өзгермелi) 
сипаттары  арқылы  мектептегi  және  отбасыдағы  шынайы  жайды  анықтау  үшiн 
керек.  
Отбасыға бала тәрбиесiнде көмек көрсетудiң ықпалды тәсiлi  – ата-аналардың 
педагогикалық  сауатын  дамытуды  ұйымдастыру.  Мектеп  ата-аналардың 
педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-
жауап  кештерiн,  әкелер  конференцияларын,  т.б.  өткiзу  арқылы  ұйымдастыруға 
тырысады.  Бұл  орайда,  әрбiр  мектеп  өз  жағдайына,  “отбасы  суретi” 
ерекшелiктерiне,  оқушылар  тәрбиелiлiгiне  сәйкес  ата-аналардың  педагогикалық 
сауатын  дамытудың  нақты  жүйесiн  жасайды.  Көбiнесе  оқушылар  ата-анасымен 
бала  тәрбиесiн  жақсартудағы  педагогикалық консультациялар  және  практикалық 
кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиi қолданылады. 
Ата-аналарға отбасы тәрбиесiн жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетiп, 
ықпал  жасай  отырып,  мұғалiм  педагогикалық  әдептiлiк  сақтау  керек. 
Мұғалiмдердiң  ата-аналарға  оқушылардың  мектептегi  “жаман”  тәртiбiне 
шағымдануы  әрқашанда  терiс  бағаға  ие  болады.  Мұндай  шағымданулардың  еш 
нәтижесi  болмайды,  керiсiнше  олардың  тигiзер  зияны  өте  зор.  А.С.  Макаренко 
мұғалiмдердi 
ата-аналарды 
мектепке 
шақыртудан, 
балалар 
тәртiбiне 
шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгiмеден кейiн қолына қамшы 
алады,  ал  кейбiреуi  болса  еш  нәрсе  iстемейдi  де,  нәтижесiнде  барлығы  бұрыңғы 
қалпында қалады”, – дейдi А.С. Макаренко. 


Ата-аналар  оқушылардың  оқу  еңбегiнiң  әртүрлi  шараларын  өткiзуге 
қатыстырылады (пәндiк тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық  
ойындар, үйiрмелiк сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есiк күндерi” 
дәстүрге  айналған,  бұл  күнi  ата-аналар  сабақтарға  қатысып,  сабақтағы  өз 
балаларын  бақылауға,  олардың  белсендiлiк  деңгейiн  және  оқу  материалын  игеру 
тереңдiгiн бағалауға мүмкiндiк берiледi. Олар бұл күнi: пәннiң ерекшелiгiн ескере 
отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының 
қандай тәсiлдерiн игеру тиiс, осы пәндi игеруде қандай қиыншылықтар туындайды 
және  оқушыға  оларды  жеңу  үшiн  қалай  көмектесу  керек,  т.б.  өзектi  мәселелердi 
шешуде бiлiктi көмек ала алады. Ата-аналарға отбасы тәрбиесiнiң тәжiрибесiмен 
алмасудың әртүрлi формалары ұсынылады.  
Отбасыны  мектеп  жұмысына  тартудың  нәтижелi  формасының  бiрi  “кiшi 
педагогикалық  кеңестер”,  ата-аналардың  белсендi  мүшелерiмен  бiрiгiп 
мұғалiмдердiң  нақты  бiр  сыныптың  оқыту-тәрбие  процесiнiң  әртүрлi  мәселелерi 
бойынша ерекше кеңестер өткiзуi (3 суретті қараңыз).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет