№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет183/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Ынталандыру әдістері.
 Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері.  
Мадақтауды  оқушылардың  жағымды  әрекеттерін  қолдау  үшін  қолданады. 
Оқушының  басқалар  елеп  мадақтаған  жетістіктері  қанағаттану,  қуаныш  сезімін 
оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, 
алғыс,  құрметке  бөлеу,  грамотамен,  сыйлықтармен  марапаттау.  Мадақтау  әдісін 


белгілі  бір  мөлшерде  қолдану  керек.  Орынсыз  және  шамадан  тыс  мадақтаудың 
тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауды қолдану талаптары: 
- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;      
-  мадақтау  оқушыны  басқа  оқушыларға  қарсы  қоймау  керек;  белгілі  бір 
жетістіктерге  жеткен  оқушылармен  қоса,  берілген  тапсырмаларды  орындауда 
еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау; 
- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, 
мадақтау жиі болмауы қажет; 
- ұжымның пікірін ескеру; 
- мадақтау әділ болуы қажет. 
Жарыстар  ынталандыру  әдістерінің  қатарына  жатады.  Бұл  әдіс  оқушының 
бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-
құлық  тәжірибесін  игеріп,  адамгершілік  қасиеттерді  дамытады.  Жарыстарды 
ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың 
мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның 
нәтижелерін  бағалаудың  шарттары  мен  көрсеткіштерін  қалыптастыру  қажет. 
Жарыстың  мазмұны  айтарлықтай  қиын  болып  келеді.  Мектеп  тәжірибесінде 
көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан 
оқушылардың  үй  жұмысын  жүйелі  орындауын,  ынта-ықыласын,  сабақтағы 
ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығын көрсеткіш ретінде алған орынды. 
Жарыстардың  бағдарламаларын,  шарттары  мен  көрсеткіштерін  жасауға,  оның 
нәтижелерін  бағалауға  оқушыларды  да  қатыстыру  қажет.  Жарыстағы  тартыстың 
адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.  
Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал әрі өте 
қиын  әдіс.  Қазіргі  педагогика  мен  тәжірибеде  оқушыларды  жазалаудың 
мақсаттылығы  туралы:  жазалаусыз  тәрбиеден  бастап  олардың  күрделі  түрлерін 
қолдануға дейін әр түрлі қарама-қайшы пікірлер бар. Қазіргі мектептерде мұғалім 
мен  оқушылар  арасындағы  қатынастың  демократиялануы  мен  адамгершілікке 
негізделуі  кезінде  жазалауды  қолдану  мәселесі  шиеленісуде.  Жазалау  дегеніміз 
педагогикалық  ықпал  ету  әдісі,  ол  жағымсыз  әрекеттердің  алдын  алып,  оларды 
тежеуі  қажет,  өзінің,  жолдастары  мен  басқа  адамдар  алдындағы  кінәсін  түсінуге 
шақыруы тиіс.  
Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір 
жеңілдіктерінен  айыру  сияқты  түрлері  қолданылады,  ал  төтенше  жағдайларда 
сабаққа  қатыстырмау  немесе  тіпті  мектептен  шығару  (педагогикалық  және 
оқушылар  кеңесі  бойынша)  сияқты  түрлері  де  қолданылады.  Жазалаудың 
қатаңдығы  оқушының  кінәсіна  байланысты  болу  керек.  Мұғалімнің  қолданған 
жазасы  дәйекті  болып,  ешбір  ыза-кексіз  немесе  қудалаусыз  қолданылуы  қажет. 
Ұжым  атынан  ұсынылған  жазалаудың  ықпалы  артық  болады.  Жазалауда 
оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі 
бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу 
қажет. В.А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан 
сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.  


Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет. 
Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары: 
-  қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу; 
-  оқушылардың  жас  және  жеке  дара  ерекшеліктерін  ескеру,  жекелік 
бағыттылық; 
-
 
оқушылардың тәрбиелілік деңгейі; 
-
 
тәрбиенің жағдайлары мен шарттары; 
-
 
оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі; 
-
 
тәрбиелік  ықпал  етудің  түрлері  мен  әдістерінің  өзара  байланысы  мен 
жүйесі. 
Тәрбиенің  түрлері  мен  әдістерін  қолданудың  арнайы  педагогикалық 
ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура 
ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі 
бар.  «Ешқандай  педагогикалық  амал-тәсілді,  тіптен  жалпы  қабылданған  деп 
есептелінетін  сендіру,  түсіндіру,  әңгіме-сұхбат,  көпшілік  ықпалын  толығымен 
пайдалы  деп  айтуға  болмайды.  Ең  жақсы  деген  амал-тәсіл  кей  жағдайларда 
міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).  
 
Негізгі
 әдебиеттер: 
1. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.  
2. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. –А., 2004. 
3. Педагогика. Дәріс курсы. Авторлар ұжымы. А., 2003. 
4. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика  - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж. 
5. Харламов И.Ф. Педагогика. Учебник.  Минск. 1998 г. 
6.  Подласый  И.П.  Педагогика.  Книга  1.Учебник  для  студ.  пед.  вузов;    М., 
Владос, 1999 г.   
7.  Караковский  В.А.,  Новиков  Л.И.,  Селиванова  Н.А.  Воспитание? 
Воспитание… Воспитание! –М., 1996 г. 
8.Кукушин  В.С.  Теория  и  методика  воспитательной  работы.  Ростов  на  –Дону 
2002 г. 
9.Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека, М., Пед.1990 
10.Щуркова Н.Е. Воспитание детей в школе. М., 1998 г. 
11.Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. М.,  1997г. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет