№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың



Pdf көрінісі
бет182/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың 
әдістері.
 Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. 
Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері 
мен  әрекеттері  арқылы  көрінеді.  Сондықтан  іс-әрекетті  ұйымдастыру  мен 
қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып 
есептелінеді.  
А.С.  Макаренко  айтқандай,  тәрбиешінің  іс-әрекеті  дегеніміз,  ең  алдымен, 
ұйымдастырушылық  іс-әрекет.  Әдістердің  осы  тобы  арқылы  оқушылар  өмірін 
мінез-құлық,  қатынастар,  қарым-қатынастар  тәжірибесін  біртіндеп  жинала 
бастайтындай  етіп  ұйымдастыруға  болады.  Бұл  іс-әрекет  арқылы  әдеттер 
қалыптасып,  жағымды  мотивтер  дамиды.  Оқушылардың  тіршілік  әрекетін 
ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар 
басқа  адамдармен  (мұғалімдермен,  өзінің  құрдастарымен)  жан-жақты  қатынасқа 
түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар 
белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты 
әдеттерді қалыптастырады.  
Бұл  топтың  басты  әдістерінің  бірі  –  жаттығу,  жаттығудың  мәні  белгілі  бір 
әрекетті  автоматты  түрге  айналғанға  дейін  қайта-қайта  орындау,  соның 
нәтижесінде  оқушының  жеке  тұлғалық  қасиетінің  өзегі  болатын  дағдылар  мен 
әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. 
Ушинский  айтқандай,  адамның  әдеттерді  қалыптастыруға  қабілеті  болмаса,  өз 
дамуында ілгері жылжи алмайды.  


Тәрбие  процесіндегі  жаттығулар  оқудағы  сияқты  жаттанды  болмауы  керек, 
олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен 
сендіру  әдістерімен  бірге  қолдану  қажет.  Жаттығудың  нәтижелі  болуы  оның 
мақсаттылығы  мен  жүйелілігіне,  түсінікті  болуына,  мотивациясы  мен 
ынталандыруына,  бақылау  мен  түзетуге,  оны  жүргізудің  орны  мен  уақытына 
байланысты.  Жаттығу  кезінде  оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  ескеріліп, 
жаттығулардың жеке дара, топтыќ және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану 
қажет.  
Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң 
нәтиже  берді  деген  сөз.  Тұрақты  әдеттерді  қалыптастыру  үшін  жаттығуларды 
ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет. 
Жаттығуларды  орындау  барысында  талап  ету  әдісі  қолданылады.  Бұл  әдіс 
оқушының белгілі бір  іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді 
қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап 
етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға 
қойылған  талаптар  шешімді  болуы  қажет,  онда  мұғалімнің  оқушының  ісі  мен 
тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау 
сияқты түрлері арқылы беріледі. 
Жаттығулар  мен  талаптар  ойын  формасында  жиі  қолданылады  (рөлдік, 
сюжеттік  ойындар).  Жаттығу  мен  талап  етуді  қолданудың  басты  шарты  оның 
шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай 
екі не үш талап қойылады. 
Жаттығу  түрлерінің  бірі  –  үйрету,  дағдыландыру  әдісі.  Бұл  интенсивті 
орындалатын  жаттығулар.  Белгілі  бір  әдетті  тез  және  жоғары  деңгейде 
қалыптастыру  үшін  үйретуді  қолданады.  Бұл  әдісті  көбінесе  балабақшаларда, 
бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.  
Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар 
әр  түрлі  болады:  сырқат  жолдасының  көңілін  сұрау,  кішкентай  балаларға 
ойыншықтар  жасау  т.б.  Мектепте  оқу  сипатындағы  тапсырмалар  кеңінен 
қолданылады:  кеңесшінің,  мұғалім  көмекшісінің  жұмысын  атқару.  Тапсырманың 
орындалуын  тапсырма  берген  адам  (мұғалім,  сынып  белсендісі)  бақылайды. 
Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс. 
Жаттығу  мен  үйретудің  бір  түрі  –  тәрбиелік  жағдайлар  әдісі.  Тәрбие  жүйесі 
педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы 
жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың 
кез  келген  түрінде  оқушы  шешім  қабылдай  алуы  керек.  Мұндай  жағдайлар 
жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады. 
Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы 
тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет