№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Қазіргі дидактиканың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет194/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Қазіргі дидактиканың ерекшеліктері 
Принциптері  практикалық  педагогикалық  іс-әрекет  негізінде  жатқан  қазіргі 
дидактиканың мынадай ерекшеліктері бар: 
1.
 
Оның  әдіснамалық  негізін  таным  философиясының  (гносеология) 
заңдылықтары,  материализм  құрайды,  сондықтан  қазіргі  дидактика  прагматизм, 
рационализм,  эмпиризм,  технократизмнің  философиялық  жүйелеріне  тән  оқыту 
процесін талдау мен интерпретациялауды біржақты қарастыруды жеңе алды, оның 
қазіргі  тұжырымы  оқыту  процесін  жүйелі  қарастыруға  саяды.    Бұл  дегеніміз  – 
сезімдік  қабылдау,  білімді  түсіну  және  меңгеру,  алынған  біліктер  мен  білімдерді 
практикалық верификациялву танымдық процесте, оқу іс-әрекетінде органикалық 
түрде бірігуі қажет. 
2.
 
Қазіргі  дидактикалық  жүйеде  оқыту  мәні  оқушыға  дайын  білім  беруге  де, 
олардың қиындықтарды өздері жеңуіне де немесе өзіндік жаңалық ашуларына да 
тірелмейді.  Ол  педагогикалық  басқаруды  оқушылардың  өзіндік  белсенділіктерін 
дамытумен ұштастыру арқылы ерекшеленеді. Қазіргі дидактиканың басты мақсаты 
– оқушыларды аз уақыт, күш, құрал жұмсап, көрсетілген деңгейге жеткізу. 
3.
 
Оқытудың  мазмұнын  анықтауға  көзқарас  өзгерді,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын қалыптастырудың, оқу курстарын құрудың принциптері өзгерді.  
Қазіргі дидактика жүйесі бойынша проблема қою мен оны ой елегінен өткізу 
кезеңінде-ақ оқытудың алғашқы өнімдері (көзқарас) қалыптасады. Бұдан кейін осы 
өнімдерді  сандық  және  сапалық  тұрғыда  дамыту  жүреді  (пайымдар,  түсініктер, 
білімдер,  т.б.).  Нәтиже  (оқыту  өнімдері)  жоспарланған  деңгейге  сәйкес  келгенде 
оқыту  мақсаты  орындалады.  Яғни,  оқушыларды  төмен  деңгейден  жоғарысына 
көшіру  процесі  жүреді.  Осы  деңгейлермен  шектелген  процесс  дидактикалық деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет