Оқыту – оқушылардың ғылыми бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудегi,
шығармашылық қабiлеттiлiгiнiң, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық
көзқарастарының дамуындағы белсендi оқу-танымдық іс-әрекетiн ұйымдастыру
мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесi. Оқыту, адамның iс-
әрекетiн белгiлi бiр бiлiмдердi, бiлiк пен дағдыларды меңгерудiң саналы мақсаты
билеген кезде қызмет-әрекет ретiнде жүзеге асады. “Түсiнiктердi, ұғымдарды,
заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сiңiруге болмайды. Оларды
оқушының өзi, мұғалiмнiң басшылығымен, көмегiмен қалыптастыруы қажет. Білім
түсiнiктердiң пайда болуы, заңдарды жете түсiну – оқушының ойлау мен іс-
әрекетiнiң белсендi процесi” (М. Н. Скаткин).
Оқу оқушылардың іс-әрекетiнiң басты нәтижесi олардың бойында теориялық
сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетiнiң психологиялық
мазмұны iс-әрекеттiң жалпы тәсiлдерiн, бiлiмдердi меңгеру болып табылады.
Бiлiмдер сенiмге айналу үшiн, жеке тұлғаның қажеттiлiктерiнен, әлеуметтiк
үмiт пен құндылық бағыттарынан биiк болып тұрған көзқарастарының жалпы
жүйесiне және оның сезiмiне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды
эмоционалдық күйi, олардың жеке тәжiрибесiне, әлеуметтiк-психологиялық
жағдайына сүйенеді.
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтiк, жан-жақты
ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжiрибесiмен қаруландырады. Ол оқушының
iшкi жан-дүниесiне, жеке тұлғаның белсендi жасампаздық қажеттiлiгiн дамытады.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.
2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.
3. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
9.
Гессен С.И. Основы общей педагогики. Введение в прикладную философию.
-., 1995.
10.
Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990.
11.
Подласый И.П. Педагогика: Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003.
12.
Сластенин В.А., и др. Педагогика.М.: Академа, 2003.
13.
Амантурлин Ш.Б. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. А., 1994
Қосымша
9.Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,2000.
Достарыңызбен бөлісу: