Ғылыми дүниетаным компоненттері.
И.Ф.Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің төрт
түрін көрсетеді. Олар: ғылыми білімдер жүйесі; дүниеге көзқарас; сенім; адам
мұраты.
Білім
- ғылыми шындықтар жүйесі.
Білім -
объективтік дүниені бейнелейтін
адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам
құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім
кез келген жағдайда адамның дүниетамыны анықтай бермейді. Білім адам үшін
субъективті мән алуы, яғни оның көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі
болуы керек. Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы
қалыптасуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтежесінде білім әр адамның
көзқарасына, сеніміне айналады.
Көзқарас
жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру
туралы байымдауы, ой тұжырымы. Көзқарас – адамның шындық ретінде
қабылдаған идеары, білімдері, теорилары, концепциялары және жорамалдары,
құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |