Тәрбиенің мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалаектикалық
байланысы.
Тәрбие мақсаты-ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай
өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және
оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді.
Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің
мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты-бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол
жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын
айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін жәнебөлшек ретінде ара
қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді.Тербие мақсаты
жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни
барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке
тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие
мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте
күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар,
дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы,
философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның
мүддесіне орай өзгеріп отыруы.Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы
бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай
құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына
болмайды.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның
объективті даму зандылығына сүйену қажет.Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды
себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа
негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен
бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің
маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие
мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде
олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс
күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан
тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін
бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды
нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне
байланысты екенін атап өтеміз.Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар
белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой
ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз
қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы
әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық
тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын
қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-
қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің
бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын
қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы
педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай
келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың
қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды.Бірақта, гуманистік педагогика
баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде
тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие
берудің басымдық рөлін арттыруда.Осыған орай, барлық педагогикалық
мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі
(идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын
қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.Тірбиенің
нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьшардьщ
өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап
педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және
дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.Жеке
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші
рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға
байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға,
дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді.
Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың
тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат.Қарым-
қатьшастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып
табылады.
Мақсат-іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және
әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам
мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну
деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы
көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады.
Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға,
қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда
ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы
дидактикалық қарым – қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру
үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте
алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке,
аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен
ғылымда кері байланыс».
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны
өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында
тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда
қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен
байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті
түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген
қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады.
Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап – тілектерін
іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер
мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай
болса, «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат
дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты.
Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.
Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып
жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық –
экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен
оқытудың мақсат – міндеттерін, оның мазмұны мен әдістерінің өзгеруіне де
себепші болады.
Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат –
міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта өрбіген.
Біріншісі, прогресивті идеяны ұсынса, яғни жалпыға бірдей білім бере отыра жеке
басты жан – жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екіншісі, яғни реациялық идеяның
өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның
теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің
әлеуметтік – экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді
жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе,
яғни ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы
сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын
көрсетеді.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын адамзат етіп
тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген
ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің
және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.».
Негізгі әдебиеттер:
1.Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.
2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.
3. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
4.
Гессен С.И. Основы общей педагогики. Введение в прикладную философию.
-., 1995.
5.
Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990.
6.
Подласый И.П. Педагогика: Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003.
7.
Сластенин В.А., и др. Педагогика.М.: Академа, 2003.
8.
Амантурлин Ш.Б. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. А., 1994
Қосымша
9.Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,2000.
|