№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Сенім  –  көзқарастың  жоғары  сапалы  жағдайы



Pdf көрінісі
бет153/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   293
Байланысты:
педагогика

Сенім  – 
көзқарастың  жоғары  сапалы  жағдайы.
 
Сенім  деп  тұлғаның  ішкі 
позициясына  айналған  білімдерді  айтуға  болады.    Сенім  жеке  адамның  өмірлік 
позициясының  беріктігін  анықтайлы,  мінез-құлқын  сипаттайды.  Сенім  тұлғаның 
рухани әлемін (құндылықтарын, қызығушылықтарын, сезімдерін, іс-қимылдарын) 
анықтайды.  Олар    адамды  қоғам  өмірі  талаптарына,  қажеттіліктеріне  сәйкес  іс-
әрекет жасаына бағыттайды. 
Адам  мұраты
 жете түсінудін жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-
мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.  


Тұтас-психикалық  білім  ретiнде  дүниетаным  –  күрделi  де  көп  аспектiлi 
құрылым.  Оның  өзегі  –  теоретикалық  ойлау,  жоғары  интеллектуалды  сезiмдердi 
бiлдiру,  саналы  мақсатты  ерiк-жiгердiң  дамыған  қабiлеттiлiгiмен  үйлесімді 
көзқарастар  мен  сенiмдер.  Көзқарастар  –  адамның  қол  жеткізген  идеялары, 
бiлiмдері,  теориялық  тұжырымдар  мен  болжамдар  ретiнде  қабылдаулары.  Олар 
табиғат пен қоғам құбылыстарын түсiндiрiп, адамныњ мiнез-құлық, іс-әрекет пен 
қатынастардың бағыт-бағдары қызметiн атқарады.   
И.Ф.Харламов  айтқандай  әр  адамның  дүниетанымдық  көзқарастары  ұзақ, 
күрделі  интеллектуальдық  іс-әрекет  нәтижесінде  қалыптасады.  Ал  көзқарастар 
болса өз кезегінде оның рухани мәдениетiнiң, оның “Мен” деген сезiмiнiң мәнiсiн 
ашып,  оның  өмiрлiк  ұстанымдарының,  ар-ожданының  негiзiн  құрайды.  Сенiм  – 
көзқарастардың  сапа  жағынан  мейлiнше  жоғары  күйi.  Сенiм  бiлiм  сияқты 
объективтi  дүниенің субъективтi көрiнiсi, адамдардың үжымды  жеке тәжiрибесiн 
меңгергенiнiң нәтижесi. Сенiм әлде бiр “бiлетiн” немесе “түсiнетiн” емес, ол – жеке 
тұлғаның iшкi ұстанымдарына айналған бiлiм. 
Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі “бастапқы”, “элементарлық кереге 
көзі” болып табылады     деген   ережені  терең негіздеу деп санауға болады.  
Сенім  дүнетанымның  ұйтқысы  дегенді  әлеуметтік      және  педагогикалық 
маңызы    жағынан  бағалау  қиын.  Олардың  адамның  өмір  жолын  анықтаудағы, 
мінез-құлқын  қалыптастырудағы  рөлі  әрбір  педагогқа,  әрбір  оқушыға  түсінікті 
болуы  керек.    Тек      меңгерілген  білім  ғана  емес,  ал  сол  сенімнің  өзі  адамды 
белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қол жеткізген білімі 
және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).  
Сол  білім  мен  ойлар    сенімге  айналады,  ол  адамның  өзін  және  әлемді  қайта 
өзгертетін  материалдық күшке еніп,  әлем мен   адамның өзін құрады.   
Егер  білім  дүниетаным  жүйесінің    басым  мазмұндық  компоненттері  болып 
саналса,  онда  сенім  білімге  және  шынайы  ақиқатқа  деген      эмоциональдық-
психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.  
Дүниетанымның  маңызды  рөлі    психологиялық,  әлеуметтік-психологиялық  
және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы мен 
көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды.   Тек сенім  білім арқылы 
өсетін    жеке  тұлға белсенділігінің  негізгі көзі болып табылады.   
Реттеуші қызмет атқара отырып сенiм жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық 
бағыттарын,  мақсат-мүдделерiн,  тiлек-қажеттілігін,  сезiм  мен  қылықтарын 
анықтайды.  Олар  қоғамдық  мақсат-мүдделердiң  объективтi  талаптарынан, 
адамның  танып  бiлген  қажеттiлiгiне  сәйкес  әрекеттен  туындайды.  Сенiм    жеке 
тұлғаның қазiргi уақытта іс-әрекетiн басшылыққа алып, оның болашақ өмiр жолын 
анықтайды.  Сенiм  –  жеке  тұлғаның  өз  құндылық бағыттары  мен  көзқарастарына 
сәйкес  қызмет-әрекет  етуге  итермелейтiн  саналы  қажеттiлiгi.  Адамның  сенiм 
жүйесi  –  оның  дүниетаным  көрiнiсi.  Сезiм  –  сенiмнiң  үйлесімді  қасиетi.  Сенiмдi 
өмiрде  басшылыққа  алу  таным  қуанышы  мен  ақиқат  шындығының,  сұлулыққа 
эстетикалық сүйсiну мен оған берiлгендiк, әлеуметтiк оптимизм мен мақсаттылық 
сияқты  интеллектуалды сезiмдермен байланысты.  
Қажымас  ерiк-жiгер  –  дүниетанымның  маңызды  элементi.  Сенiм  адамды  iс-
әрекетке  итермелейдi.  Ғылыми  дүниетаным  теориялық  санамен  шектелiп  қана 


қоймай,  тәжірибеде  сана  мен  жiгердi  iс-әрекетпен  бiрiктіредi.  Дүниетаным 
элементi  ретiнде  теориялық  ойлау  дегенiмiз  –  адамның  бiлiмдердi,  болмыстың 
құбылыстарын  шығармашылық  түрде  түсiнiп-ұғыну,  дүниетанымды  мейлiнше 
жетiлдiру, ерiк-жiгердi сенiмдi iске асыруға бағыттаудың қабiлеттi.  
 Сенім  мен  идеал  адамның    өмiрлiк  мақсаттары  ретiнде  дүниетанымның  ең 
маңызды  құрамды  бөлiгi  болып  табылады.  Сананың мазмұны  сенiм  сипатына  ие 
болған жағдайда дүниетанымға айналады.  
Осыған  байланысты  тұлғаның  дүниетаным  феномені  –  тұлғаның 
интеллектуальды және  эмоциональды- ерік сипатын өзіне жинақтаған, әлеуметтік 
мәдениеттің  сол  бөлігіне  назар  аударған,  іс-әрекеттің  жалпы  бейнесін  жоғары 
деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.  
Барлық жоғарыда айтылғандарды төмендегі 1-суреттен байқауға болады: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет