беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет.
Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейде окушы
тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оқу пәнін теориялық
жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда
гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы
–
білімнен тұлғалық бағдарлы білімге
көшу тенденциясы байқалды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру
принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және
шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип
оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты. Қазіргі
кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық
компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және
экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық,
адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-
қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең негіздеу
арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.
Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану
білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың
тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен
қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің кұралы болып
табылады.
Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін
гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылыкпен оқу ақпарат құралдарын
шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады.
Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен
байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің
іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде калыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: