№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама



Pdf көрінісі
бет209/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.  
Қәзіргі  кезде  білім  мазмұнын  қарастыратын  әртүрлі  концепциялар  бар. 
И.Ф.Харламов  білім  мазмұнын  «ғылыми  білімдер,  практикалықіскеліктер  және 
дағдылар  жүйесі,  сонымен  қатар  оқыту  процесі  барысында  оқушы  меңгеруне 
қажетті  дүниетанымдық  және  адамгершілік-эстетикалық  идеялар»  деп 
қарастырады. 
Бүгінгі  күн  талабына  сәйкес  білім  мазмұны  концепсиясы  ретінде    білім 
мазмұны  педагогикалық  өңделген  әлеуметтік  тәжірибе  концепциясын  айтуға 
болады.  Бұл    концепция  бойынша  білім  мазмұны  әлеуметтік  тәжірибенің  төрт 
құрылымдық элементіне сәйкес құрылады:  
- танымдық іс-әрекет тәжірибесі, оның нәтижесі білімдер; 
-
 
репродуктивтік іс-әрекет тәжірибесі, нәтижесі – іскеліктер және дағдылар; 
-
 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі проблемалық жағдайлар формасында 
беріледі; 
-
 
эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. 
Аталған  әлеуметтік  тәжірибенің  әр  түрі  білім  мазмұнының  ерекше  түрін 
құрайды: 


-
 
табиғат, қоғам, техника, ойлау және іс-әрекет әдістері туралы білімдер. Бұл 
білімдерді  меңгере  отырып  оқушы  өзінде  дүниенің  шынайы  бейнесін 
қалыптастырады; 
-
 
іс-әрекеттің  белгілі  әдістерін  іске  асыру  тәжірибесі.  Жалпы  практикалық-
интеллектуалдық  іскерліктер  мен  дағдылар  жүйесі  осы  тәжірибенің  мазмұнын 
құрайды; 
-
 
қоғам  алдында  туындайтын  жаңа  проблемаларды  шешуге  байланысты 
шығармашылық,  ізденіс  іс-әрекет  тәжірибесі  оқушылардың  игерген  білімдерді, 
іскерліктерді  және  дағдыларды  жаңа  жағдайда  қолдана  білуімен  тығыз 
байланысты.  Бұл  тәжірибе  жас  ұрпақтың  қабілетінің  дамуына,  тіпті  әрі  қарай 
мәдениеттің дамуына әсерін тигізеді; 
-
 
объектілерге  немесе  адамның  іс-әрекет  құралына  деген  құндылық  қарым-
қатынас тәжірибесі. 
Білім мазмұнының аталған компоненттері өзара байланысқан, өзара шартасқан. 
Қазіргі  демократиялық  қоғамда  еркін,  шығармашылықпен  ойлай  білетін 
адамды  қалыптастыру  міндетіне  сәйкес  қазіргі  білім  беру  мазмұнында 
тұжырымдаманың  кеңінен  танымал  үш  түрі  бар.  Сол  білім  мазмұнының 
тұжырымдамасының  бірінде  ғылымдардың  негізіне  педагогикалық  бейімделуіне 
мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін 
таңдауды  іске  асыра  білуге,  адамдарға  деген  әділ  қарым-қатынас  сияқты  жеке 
тұлғаның  қасиеттері.  Қазіргі  демократиялық  қоғамда  адамның  өз  еркімен  толық 
өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға 
бағытталған. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады. 
Білім  беру  мазмұнының  келесі  тұжырымдамасында  оқушылар  меңгеретін 
білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады. 
Оқыту барысында оқушылар міңдетті түрде білім мазмұнының астары ретінде 
ғылыми  білімдер  жүйесін  тәжірибелік  іс-әрекет  дағдыны,  сонымен  бірге 
дүниетанымдық  және  адамгершілік,  эстетикалық  идеяларды  түсінуі  қажет 
(И.Ф.Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға 
негізделмеген  және  білім  мен  дағдының  негізі  сипатын  аша  алмайды.  Негізгі 
біліммен  ғылымды  меңгеру  адамға  қалыптасқан  қоғам  кұрылысының  ішкі 
жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу 
керек  екенін  талап  ету  жеткілікті.  Бұл  жағдайда  білім  беру  мазмұнының 
талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т.б.) оқу 
пәндеріндегі  білімді  және  дағдыны  жеткілікті  жеткізілуі  қажет.  Қазіргі  даму 
жағдайында  Қазақстаңдағы  жалпы  білім  беру  мектептерінде  мұның  барлығы 
жеткіліксіз.  
Қоғам  өмірінің  кеибір  салаларына  байланысты  мәселелерін  шешу, 
оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын өз 
ісіне  жауапкершілігін,  Отанға,  қоғамға  өзінің  тағдырына  көзқарасы,  қоршаған 
ортаны  қорғау,  қатыгездікке,  өтірікке  төзбеу,  техникалық  және  қоғамдық 
прогрестің  дамуына  дұрыс  көзқарасты  талап  етеді.  Тәрбиеленушілердің  осы 
қасиеттерін  дамыту,  құндылық  мәні  бар  сұраныстарды  қалыптастыру  қоғамдық 
өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді. Білім беру 
мазмұнының  тұжырымдамасындағы  мақсат-гумаңдық  ойлауға,  әлеуметтік 


тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес 
келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама 
шығармашылық  іс-әрекеттік      және      құндылық      эмоционалдық      қатынас 
тәжірибесін  енгізеді.      Әрбір    осы    аталған  әлеуметтік  тәжірибелер    білім    беру 
мазмұнының өзіндік түрі: 
1.  Табиғат,  қоғам,  техника  туралы  білім,  ойлау  және  оны  іске  асыру  .  Осы 
білімдерді  меңгере  отырып  оқушы  дүниенің  шынайы  бейнесін  қалыптастыру, 
танымдық  және  тәжірибелік  іс-әрекетінде  дұрыс  әдіснамалық  тұрғыдаан 
қамтамасыз етеді.  
2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік ілімді игеруі  
бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды; 
іскерлік    осы  тәжірибенің  мазмұнын  құрады.  Өсіп  келе  жатқан  жастар  істерді 
меңгеру нәтижесіңде халықтардың әлеуметтік   мәдениетін сақтауға қол жеткізуді 
қамтамасыз етеді. 
3.  Шығармашылық  ізденушілік  әрекет  қоғамда  пайда  болған  жаңа 
проблемаларды  шешуде  іске  асады.  Бұрыннан  белгілі  іс-әрекеттерді 
қалыптастырудың  жаңа  әдістері  алған  білімін-іскерлігін  қазіргі  жағдайда  іс-
әрекеттің  жаңа  тәсілдерін  өздігінен  іске  асыруды  талап  етеді.  Бұл  тәжірибе  жас 
ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін 
тигізеді. 
4. Әрбір
 
адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік 
дамуы  кішкентай  бала  кезінен  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  барысында 
қалыптасады,  бірақ  білім  беру  мазмұнында  оны  бағдарламаға  енгізу  қажет. 
Объектіге  адамның  іс-әрекетіне  оның  айналадағы  қоршаған  дүниеге  деген  басқа 
адамдардың  талаптарына,  тұлғаның  белгілі  бір  объектіге  байланысты  сезімдік 
қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі. 
Қоршаған дүниеге катынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды 
көзқарасты  білдіреді.  Бұл  адам  мінезіндегі  қатынас  жеке  іс-әрекетте  көрінеді. 
Оқушыға  бұл  тәжірибелерді  игеру  әлеуметтік  тәжірибеде  оның  жеке  басының 
тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім 
мазмұнының  аталған  компоненттері  бірімен-бірі  тығыз  шартты  байланысты. 
Білімсіз  іскерлік  мүмкін  емес.  Шығармашылық  іс-әрекет  білім  мен  іскерлікті 
тәжірибесінен  көрінеді.  Қарым-қатынас  білімділік  іс-әрекет  тәжірибесінен 
көрінеді.  Әлеуметтік  тәжірибеде  оқу  мазмұнын  игеруде  адам  қоғамда  өздігімен 
істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі 
алған білімін өмірде қолдануы, жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық 
іс-әрекет  жағдайында,  екінші  жағынан  іс-әрекетті  игерудің  құралы  болып 
табылады.  Адамды  оқытуда  тұлғаның  қажеттіліктерін  өтеу  оқу  мазмұны  болып 
табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет 
пен  әлеуметтік  тәжірибе  болып  табылады.  Мектепте  білім  беру  мазмұнын 
қалыптастырудың  жолы  әлеуметтік  тәжірибені  ұйымдастыру,  өнер-мәдениетпен, 
таныстыру. 
Адам  іс-әрекетінің  түрлері  қоғамдық  сана  формалары,  қоғамдық  қатынас 
тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысыда танымдық, 
коммуникативтік,  бағдарлы-құңдылық,  көркемдік  іс-әрекет.  Білім  мазмұны  оқу 


материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өндеуден 
өтеді.  Білім  ол  мектеп  бітірушінің  өмірге  белсенді  араласуын,  құндылықтар  мен 
қажеттіліктер  тұрғысынан  және  тұлғаның  санасымен  және  психологиялық 
қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыптастыру 
барысында  баланың  жеке  басының  дамуы,  қызығушылығы,  дарыны  ескеріледі. 
Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы 
бойынша  оқу  пәндерінің  жалпы  білім  беру  мазмұнының  мақсатын  белгілеу. 
Мектептегі  білім  беру  мазмұнына  әсер  ететін  фактор  ретінде  қоғамдағы  жалпы 
білім  беретін  мектептің  алдындағы  мақсаты,  өзінің  тарихи  даму  жолындағы  оқу 
процесінің, окушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке тұлғаның 
білім алудағы талап тілегі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет