Оның негізіг қағидалары, қорытындылары анық және нақты болуы керек. Сонымен
қатар оқушылардың танымдық кызығушылығын тудыратын проблемалық
мазмұндау да болуы қажет.
Біллім беру мазмұны әртүрлі оқу құралдарында (хрестоматиялар, математика,
физика, химимя пәндері бойынша есеп жинақтары, география, биология пәндері
бойынша атластар және т.б.) да ашылады. Олар оқулықтың кейбір жақтарын
толықтырады. Оқу құралдарының мақсаты оқытудың нақты міндеттерін шешу.
Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты
саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін
республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы
жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім
берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы
түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу
жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып
табылады.
Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім
сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне
қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң
белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: