№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша



Pdf көрінісі
бет213/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша: 
-
 
барлық  пәндердің  мазмұнына  халық  педагогикасындағы  ұлттық 
мәдениет компоненттерін енгізу; 
-
 
білім беруді гуманитарландыру; 
-
 
білім  беруде  математика-жаратылыстану  бойынша  жалпы  мәдени 
бағытты күшейту; 
-
 
әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс; 
-
 
оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру. 
Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады – инварианттық және вариативтік. 
Инварианттық  оқу  жүктемесінде  білім  беру  мазмұны  міндетті  түрде  барлық 
оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің 
негізгі  компоненттері  (ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек,  коммуникативтік, 
эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында 
блок  түрінде  беріледі,  математика,  жаратылыстану,  қоғамтану,  өнер,  дене  және 
еңбекке даярлау. 
Вариативтік  оқу  жүктемесінде  мазмұнын  ата-аналардың  және  балалардың 
мүмкіндіктерімен  күшіне  сай  қажетін  ескере  отырып  мектеп  қарастырады.  Оқу 
жүктемесінің  ішкі  құрылысы  баланың  жасына  тәуелді.  Бастауыш  сыныптарда 
вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу 
уақытымен  жүзеге  асады.  Оларды  өз  таңдауы  бойынша  әр  сабақтарды  негізінен 
жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік 
бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау 
бойынша  мектепте  вариативтік  бөлімнің  үшінші  сатысы  көпқырлы  пәндер  мен 
сәндік  курстардан  тұрады.  Инварианттық  және  вариативтік  бөлігі  оқытудың 
әртүрлі бірдей емес. 
Бастауш  сыныпта  инварианттық  бөлігі  89%  құраса  барлық  оқу  жүктемесінің 
11% вариативтік бөлігі құрайды. 
Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және 15%, 44,8% және 
55,2%.  Жалпы  білім  беретін  мектептердің  сатылық  ерекшелігі  базалық  куспен 
анықталады,  оқу  жүктемесінің  вариативтік  және  инварианттық  қатынасы  және 
мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік 
оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке 
қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен таңдауы бойынша 
оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп 


ғылыми-жаратылыстану 
(лицей 
бағдарламасы 
бойынша) 
гуманитарлық-
эстетикалық  (гимназия  бағдарламасы)  және  кәсіби-техникалық  багытта 
ұйымдастырылуы  мүмкін.  Көпқырлы  мектептің  мақсаты  оқушыларға  жағдай 
жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға 
кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші 
жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім 
беретін  мектепті  бітіру  дайындығына  бағытталған.  Бұрын  міндетті  емес  болып 
есептеліп  келген  (Өнер)  блогы  құрайды.  Бұл  блок  «Өнертануға  кіріспе»  деп 
аталады. 
Алтаншы  білім  беру  блогына  дәстүрлі  денешынықтыру,  еңбек,  бастауыш 
әскери дайындық курсы  кіреді. Осыған  байланысты әр блоктың  ішкі құрылысын 
ашып  көрсету  қажет.  әрбір  блок  уақыттың  өте  аз  мөлшерін  қажет  етеді.  Білім 
берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы 
курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады. Көпқырлы пәндерге 
негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге 
және  тәжірибеге  дайындайды.  Таңдаған  курсы  бойынша  тек  факультатив  қана 
емес,  басқа  да  көпқырлы  пәндердің  нақты  саласы  бойынша  басқа  бағытта  да 
қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты 
оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті 
анықтайды.  
-
 
оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша); 
-
 
республикалық және  мектеп  компоненты  мен  білім  стандартының  өзара 
қатынасы; 
-
 
жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің дара 
қатынасы; 
-
 
базалық  мектептер  үшін  міндетті  факультатив  сабақтарының  апталық 
жүктемесі; 
-
 
оқушылардың апталық жүктемесі; 
-
 
жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру. 
Оқу  жоспарын  –  Қазақстан  Республикасының  Білім  министрлігі  бекітетін 
құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі 
ретімен  әр  сыныптағы  сағат  санын  көрсетеді.  Қазіргі  кезде  оқу  жоспарында 
оқылатын  пәндер  үш  топқа  бөлінеді.  Міндетті  түрде  оқылатын  (базалық 
компонент)  оқушылардың  таңдауы  бойынша  (дифференциациялық  компонент) 
және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық 
компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі  – 
концентрлік,  екіншісі  –  линейный.  Біріншісінде  бағдарлама  анағұрлым  күрделі. 
Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін 
оқытса, ал 7 мен 9 – сыныпта судың қайнауын молекула – кинетикалық қозғалыс 
түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау 
өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б. 
Нақты  оқу  бағдарламасындағы  материалдық  мазмұны  әрбір  оқу  пәндердің 
бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында 
берілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет