Жалаң - жаттанды
(догматикалық) –
оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың
мән-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды.
Проблемді
оқуда ұстаз басшылығында оқу, дәріске байланысты мәселелерді
шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады.
Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады,
балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-
өрісі және басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды.
Дамытушы
оқу түрі оқушылардың білім, ептілік және дағдыларының күннен
күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік,
қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу және т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. Оқу жедел
қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты және
жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мәліметтерді меңгеруге
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |