Шығармашыл (эвристикалық
) –
оқу проблемді және шығармашыл оқудың
басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары
белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл
қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім
міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.)
оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу.
Тұлғалық бағдарлы
оқу
мәні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі әр
оқушының жеке өзіне тән танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі әрі іске
қосылады.
Компьютерлі
оқу және оқыту
қызметтері электронды есептеу машиналарының
кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу
процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дәл
әрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.
Модульді
оқуда
– білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің –
модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай
игерілуін қамтамасыз етуге болады.
Қашықтықтан
оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен
көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пәнаралық
оқу – сыбайлас білім салаларындағы пәнаралық және пәнішілік
байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пәндерін меңгеруді
көздейді
Негізгі әдебиеттер:
1.Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.
2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.
3.Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.
4.Гессен С.И. Основы общей педагогики. Введение в прикладную
философию. -., 1995.
5.Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990.
6.Подласый И.П. Педагогика: Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003.
7.Сластенин В.А., и др. Педагогика.М.: Академа, 2003.
8.Амантурлин Ш.Б. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. А., 1994
9.Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,2000.
|