ғылыми қоғамдар
(кіші академиялар және т.б.)
ұйымдастырылуы мүмкін. Олар мектептегі көптеген үйірмелер жұмыстарының
басын біріктіріп, реттестіреді; көпшілік шараларға ұйытқы болады, конкурстар мен
олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.
Конкурс және олимпиадалар
–
оқушылардың білім игеру жолындағы белсенді
қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, шығармашылық қабілеттерін
арттырады, бәсеке, жарыс жеңісіне ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар
әрқилы деңгейде: мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі.
Соңғы кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы
арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды.
Оқу түрлері
Оқу мекемелері тәжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген оқу түрлері
қолданылуда.
Оқу түрі
– бұл оқыту және оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне
орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі
мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-
жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері.
Оқу түрі өз негізіне алынған
Достарыңызбен бөлісу: |