№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет289/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
Проблемді оқу технологиясы 
мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу 
міндеттерін 
шешуге 
орайластырылған 
өзіндік 
ізденіс 
іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруға  негізделеді.  Оқу  ізденістері  барысында  оқушыларда  жаңа  білім, 
ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, 
ой-өрісі,  шығармашыл  ойы  және  басқа  да  тұлғалық  маңызды  сапалары  дамиды 
(Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және т.б.).  
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын 
күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады 
және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің 
тікелей  басшылығында  не  өз  бетінше  олардың  шешімін  табудың  жолдары  мен 
әдістерін  зерттейді,  яғни  болжам  түзеді,  оның  шынайылығын  тексеру  тәсілдерін 
белгілейді  әрі  талқылайды,  дәйектейді,  нәтижелерін  талдайды,  пікір  жүргізеді, 
дәлелдейді.  
Проблемді  оқу  басқа  да  технологиялар  сияқты  өзінің  ұнамды  да  болымсыз 
тараптарына  ие.  Оның  тиімділігі:  оқушыларға  тек  қажетті  білім,  ептілік  және 
дағдылар  жүйесін  меңгеруге  жәрдемдесіп  қоймастан,  олардың  ақыл-ой  дамуына 
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, 
өз  оқу  еңбегіне  қызығу  ұмтылысын  дамытады,  оқу  нәтижесінің  бекінуін 
қамтамасыз  етеді.  Кемшілігі  :  жоспарланған  нәтижеге  жету  көп  уақытты  талап 
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару қиын.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет