«Жақын даму зонасында » жұмыс жасаған В.Ф.Шаталов әлі өтпеген
ережемен есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап
бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталайын деп
тұрған жер. Мұғалім осы жерде жұмыс істеп оқушыға тапсырма, әдістемелік
нұсқау береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің
көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат
– адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсаттың оқыту мазмұнын
іріктеуге, педагогикалық процессті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?» -
деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы
анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік,
дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай
білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму зонасында жұмыс істеуі керек. Ол
оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, образдар туғызушы, баланың
кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын
даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу.
Теориялық білімнің жетекші ролі. Теорияны құрғақ жаттамай ондағы мәнді
байланыстарды, заңдылықтарды ашу.
Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы.
Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің
субьектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе
білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен қалай өзгердім деген
сұрақтарға өзіжауап береді.
Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке
қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай, ғылым, әдебиет,
өнер туындыларынан білім беріледі. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға
дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен
жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің
салмағы көп.
Достарыңызбен бөлісу: