№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет283/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293
Байланысты:
педагогика

Бағалаудағы қателіктер 
 
Мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарындағы  баға  қоюдың  субъектив  қателіктері 
төмендегідей:  
–  кең  пейілділік,  орынсыз  жомарттық.  Баға  ретсіз  көтеріңкі  қойылады. 
Оқушыларды  бағалаудағы  “жомарттықтың”  шектен  асқан,  бүгінгі  күнде  мектеп 
тәжірибесінен  арылуы  қиындық  тудырып  отырған  формасы  -  “проценттікке” 
жүгіну (процентомания).  
– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;  
– көңіл-күйге орай баға қоя салу;  
–  тұрақты  да  қатаң  өлшем-шектердің  болмауы  (деңгейі  төмен  жауап  үшін 
мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);  
– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);  
– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай 
не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);  
–  өткендегі  бағаға  жақындау  бағаны  қоя  салу  (мысалы,  оқушының  өткендегі 
“екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);  
–  әсіре  (ореол)  қателігі  (оқытушы  өзі  ұнатқан  оқушысына  жаман,  жек  көрген 
шәкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);  
– баланың тәртібіне қойылатын баға пән үлгеріміне ауыстырылады;  
– бағаны әсіре көтеру не себепсіз төмендету және т. б. 
Дегенмен, әрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше 
түрлі мән болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған 
психологиялық  қолдау  көрсетіп,  алдағы  оқуда  ілгерілеуіне  көмектесу  ниетінен 
болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бәрін бірдей қателікті деп 
қарастыру дұрыстыққа келмейді.  
 
 
Негізгі әдебиеттер: 
1.Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004. 


2.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы 2003.  
3. Әбиева Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004.  
14.
 
Гессен  С.И.  Основы  общей  педагогики.  Введение  в  прикладную 
философию. -., 1995. 
15.
 
Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.,1990. 
16.
 
Подласый И.П. Педагогика: Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003. 
17.
 
Сластенин В.А., и др. Педагогика.М.: Академа, 2003. 
18.
 
Амантурлин Ш.Б. Орысша-қазақша педагогикалық сөздік. А., 1994 
Қосымша 
9.Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М.,2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет