өзіндік қадағалауды да
оңтайлы
ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу
мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық
міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу және
реттеуге үйрету қажет.
Әртүрлі қадағалау әдістерінің бірге қолданылуы
аралас (тығыздалған
)
қадағалау
деп аталады. Әдетте, мұндай тексеру ауызша және жазба сауалнамалар
беру түрінде өтеді.
Оқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей
педагогикалық талаптар
қойылады:
– қадағалаудың даралықты сипаты. Әр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-
әрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шәкірттің оқуындағы нәтижелерді
ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;
– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп
тұруы;
– қадағалау формаларының әртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету,
дамыту және тәрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;
– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін,
ақыл-ой парасаттылығын, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге
мүмкіндік береді;
– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив және қателікті пікірлер
мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;
– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-
қасиеттері ескерілуі тиіс;
– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.
Соңғы кездері
Достарыңызбен бөлісу: |