№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет282/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   293
Байланысты:
педагогика

тестік қадағалау 
көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі 
құралы  –  тест  тапсырмалары.  Өлшестіру,  анықтау  нысаны  тұрғысынан 
педагогикалық,  психологиялық,  әлеуметтік  –  психологиялық,  мәдени  – 
эстетикалық таным тестері ажыралады.  
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалау 
 
Оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол жұмыстарды 
бағалаудан көрінеді. 
Бағалау 
– 
білім, ептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін 
анықтау.  
Бағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші 
– 
баға
, яғни баға оқушылардың білім, 
ептілік, дағдылар дәрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі.  
Оқу нәтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол 
ауызекі  қолдау  не  қолдамау,  алғыс  жариялау,  мақтау  парағы  не  медальдармен 
мадақтау және т. б.  


Білім  бағалауда  шынайылылық,  білім  сапасын  анықтаудағы  бірыңғай  талап 
үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нәзік құралы. 
Көтеріңкі баға шәкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа 
болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз бағаның әсері күшті: 
ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал 
жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мәселесі үлкен 
пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны 
білім  сапасына  қарамастан  өткізуді  ұсынуда.  Осыған  байланысты  еліміздегі 
бағалау проблемасының әр кезеңдегі жайы өз алдына қызықты. 
1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске 
дейінгі  алты  балдық  жүйеде  қойылды.  Кейін  нөлдік  баға  жойылып,  бес  балдық 
жүйе қабылданды.  
Оқу  нәтижесін  балл  бойынша  бағалау  әрқилы  көзқарастар  туындатты.  1917 
жылдан  соң  тіпті  оқу  жүйесінде  бағалау,  баға  қоюға  қарсылықтар  да  болды. 
Кеңестік  еңбек  мектебінің  тұжырымдамасына  орай  оқу  іс-әрекеттері  шәкірттің 
қызығушылығына,  дербестігіне,  ынталылығына,  шығармашылық  сипатына 
негізделуі тиіс болды.  
Дәстүрлі  келе  жатқан  оқушыларды  баға  жәрдемімен  тәртіпке  шақыру  әдістері 
тиімсіз  деп  танылды.  Осыдан  1918  жылы  Кеңестік  өкімет  жарлығымен  оқушы 
білімі  мен  тәртібін  балдық  жүйемен  бағалау  мектеп  тәжірибесінен  мүлде 
шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куәліктер беру оқушылар білімі жөніндегі 
педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.  
Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы да жүргізілмейтін 
болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де орынсыз деп табылды. 
Өте қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен 
жазба  жұмыстарды  ғана  өткізуге  рұқсат  берілетін  болды.  Оқушылармен  өтілген 
тақырыптар  бойынша  мерзімді  әңгіме-сұхбаттар  жүргізу,  оқыған  кітаптары  мен 
мақалалары  бойынша  баяндарын  тыңдау  ұсынылды.  Оқушылардың  жеке 
таңдауымен  өз  бетінше  орындаған  жұмыстары  дәріптелді.  Дәстүрлі  қадағалау 
жүйесі  өзіндік  бақылаумен  ауыстырылды,  жеке  оқушы  табыстары  еленбей, 
ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы 
жаппай қолданылды.  
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың біршамасында 
дербес,  өз  бетінше  оқу  қабілеттерін  дамытты.  Дегенмен,  мұндай  оқу  көпшілік 
жағдайларда оқушылар білімінің, тәртібінің құлдырауына алып келді. Оқушылар 
мектепте,  үйде  тиянақты  білім  игеру  жұмыстарын  тоқтатты,  сабақтарға 
қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың әрқилы формалары 
біртіндеп  енгізіліп,  ал  1932  жылдан  жеке  оқушының  білімі  оның  даралықты 
ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды.  
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, 
“жақсы”,  “қанағаттанарлық”,  “жаман”,  “өте  жаман”  –  енгізілді.  Бұл  жүйе  1943 
жылға  дейін  сақталды.  1944  жылдың  қаңтарынан  оқушы  білімі  мен  тәртібін 
бағалаудың  сөздік  бағамен  сандық  баға  жүйесімен  ауыстыру  жөнінде  шешім 
қабылданды. 


Реттелген  тәртіпте  білім  есебін  жүйелі  жүргізу  өзін  ақтады,  оқушылардың  оқу 
дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды себін тигізді. 
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген кемшіліктеріне 
қарамастан  өз  баламасын  таппай  отыр.  Дегенмен,  педагог  ғалымдардың  көбі 
сауаттылық дәрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дәйегі:  
–  білімділік  іс-жүзінде  үш  балдық  жүйеде  бағаланады  (“1”,  “2”  бағалары 
білімсіздік көрсеткіштері).  
– білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3” бағалары гимназиялық 
сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем балалар оқуында 
да  бірдей  тең  қойылады.  Ал  аталған  оқу  түрлеріндегі  білім  игеру  нәтижесіне 
қойылған талаптар әрқилы болатындықтан бағалардың мәні біркелкілігін жояды).  
–  оқушылар  білімін  бағалауда  үш  балдық  өлшем  жеткіліксіз  (сондықтан  да 
оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына “плюс” не “минус” 
белгілерін қояды).  
Ғалымдар  он  балдық,  он  екі  балдық  тіпті  жүз  балдық  та  бағалау  жүйелерін 
ұсынуда.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет