№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


№20  дәріс  тақырыбы.  Оқушылардың  тұтас  педагогикалық  үдерістегі



Pdf көрінісі
бет284/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   293
Байланысты:
педагогика

№20  дәріс  тақырыбы.  Оқушылардың  тұтас  педагогикалық  үдерістегі 
танымдық іс-әрекетін белсендендіру 
1. Оқу мотивтері туралы түсінік. 
2. Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру. 
3. Оқуға мотивацияны арттыру шарттары. 
3. Оқушыларды оқуға ынталандыру. 
 1.   
Мотивтер 
/фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар 
субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің 
бағытталғандығын  анықтайды.  Мотив  ролінде  сұраныстары,  қызығушылықтары, 
талпыныстары,  эмоциялары,  бағытталғандығы  және  мұраттары  болып  табылады. 
Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және 
қоғамдық  өмірге  белсенді  қатыстырылу  мотивтері  онда  басым  болады.  Өсе  келе 
бұл  мотивтер  өзгеріске  түседі:  бір  жағдайларда  жақсы  баға  алуға  деген 
қызығушылық  пайда  болады,  екіншілерде  білімнің  өзіндік  мазмұнына 
қызығушылық туады.  
 
Себептендіру
  /мотив/  -  баланы  оқуға  ұмтылдыратын  күш.  Оқушының  оқу 
мотивтері  –  борыш  сезімі,  мұғалімнен  мақтау  алу  ниеті,  жазалаудан  қорқуы, 
ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын 
табуға  деген  ұмтылысы,  ата-аналарды  қуантуға  ниеті,  «бестік»  бағасын  алуға 
талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.  
Оқу  іс-әрекетіне  барынша  сәйкес  мотивтер  –  оқу-танымдық  мотивтері. 
Оқушының оқу мотивтері  оның тұлғасының бағытталғандығын, жетістіктері мен 
сәтсіздіктерін көбіне-көп анықтайды. Оқудың мотивтері оң болуы мүмкін /білімге 
деген ұмтылысы, жақсы баға алуға деген ниеті, ата-аналардың және мұғалімдердің 
ризашылығына  ие  болу,  құрдастарының  арасында  сыйлы  болу,  мамандық  алуға 
ұмтылысы,  еңбекке  талпынысы,  Отанына  пайдалы  болу,  сүйікті  адамдарға  ұқсас 
болу т.б./ бейтарап оқыту процесіне мәнді әсер етпейтін оқушының жеке өмірінің 
мотивтері/ теріс оқуға кедергі келтіретін, білімді меңгеру процесіне, мектепке оқу 
қызығушылығына зиянды әсер ететін мотивтер: оқуға деген ниеттің болмауы, оқу 
білімі,  өзінің  оқу  еңбегін  ұйымдастыра  білмеуі,  оқуда  қалып  қоюы,  тәртіпсіздік, 
жолдастарының  және  ата-аналарының  теріс  әсері/  немесе  осы  үш  түрі  ұштасуы 
мүмкін.  
2. Мұғалімнің  міндеттері:  оң  мотивтерді  дамыту  және  бекіту;  бейтарап  оқу 
мотивтеріне  әсер  етіп,  оларды  оң  мотивтерге  айналдыруға  тырысу;  теріс 
мотивтерді  ең  болмағанда  бейтарап  мотив  деңгейіне  түсіруге  тырысу.  Оқушыны 
дер кезінде сүйеп, өз күшіне сенімді орнықтыру қажет.  
  Оқудың оң мотивін дамытудың және қалыптастырудың негізі оқу іс-әрекеті, 
оқудағы  танымдық  қызығушылықты  дамыту  болып  табылады.  Балалардың  өзін 
басқаруға,  өзін-өзі  тәрбиелеуге  әлі  тәжірибелері  аз.  Проблемдік  жағдайларды 
жасау  оқу  сабағына  қызықтылықты,  білуге  деген  ұмтылысты  береді.  Оқуға  оң 
қатынасты  туғызу  үшін  қызықты  практикалық  сабақтарды,  топсеруенді, 
бақылауларды  қолдану  керек.  Мұғалімнің  басқарушы  ролі  мынада:  оқумен 
байланысты  жүйе,  қызығушылықтардың,  ұмтылыстардың  және  ниеттердің 
үйлесімділігін жасау болады.  


  Мотивацияны  қалыптастыру  бағдарламаларының  жалпы  мәні  мұғалімнің 
оқушыларды оқуға деген саналы, жағымды, жауапкершілікпен қарау қатынасының 
деңгейіне    көшіру,  яғни  оқушылардың  берілген  білімнің  өмірде  пайдалылығына 
саналы түсінуі  деп түсінген дұрыс. 
         А.К.Маркова  оқушылардың  оқуға  мотивациясын  мақсатты  түрде 
қалыптастыру жұмыстарын былайша бөліп көрсетеді: 

 
  Оқуға  мотивацияны  қалыптастыруға  жағдай  жасайтын  мұғалім  іс-      
әрекетінің      тәсілдері.     

 
 Мотивацияның кейбір жақтарын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар. 

 
Сабақ  кезеңдерінде  және  үлгерімі  төмен  оқушылардың  оқуға  жағымды 
мотивациясын қалыптастыру және арттыру. 

 
Оқушылардың  оқу  мотивациясын  қалыптастырудың  және  оны  зерттеу 
кезеңдерінің бірізділігі. 

 
Оқушылардың  оқу  мотивациясының  жағдайы  мен  қалыптасу  барысының 
мәлімет картасы. 
         Оқуға жағымды мотивацияны қалыптастыруға, тәрбиелеуге сынып және 
мектеп  ішіндегі  психологиялық  атмосфера  ықпалын  тигізеді.  Оқушылардың  іс-
әрекетінің  түрлерін  ұйымдастырудың  ұжымдық  формаларының  ықпалы  зор. 
Мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасы тапсырманы 
орындауға тікелей араласу түрінде емес, дұрыс шешім табуға итермелейтін ақыл-
кеңес  беру  түріндегі  мұғалімнің  көмегі  болуы  тиіс.  Сонымен  бірге  жағымды 
мотивацияны  қалыптастыруда  мұғалім  оқу  материалын  қызықты  жеткізе  білуі, 
эмоционалдылығы,  танымдық  ойындар,  пікірталас  жағдаяттар,  өмірлік 
жағдаяттарды  талдау,  болашақтағы  өмірде  мектепте  алатын  білімді  қолдану  мен 
оқудың  қоғамдық  және  тұлғалық  маңызын  түсіндіру;  мадақтау  мен  жазалау 
әдістерін  шеберлікпен  қолдана  білуі  тиіс.  Сонымен  қатар  мұнда  оқушының  оқу 
әрекетінде  өз  бетімен  жұмыс  істей  алуы  мен  өзін-өзі  бақылауы,  ортақ  оқу  іс-
әрекеттеріне  қосылуының  маңызы  зор.  Оқуға  мотивацияны  қалыптастырудың 
түрлі  тәсілдерін  қолдана  отырып,  мұғалім  мотивацияға  әсер  ететін  сыртқы,  тіпті 
жағымды  шарттардың  өзі  тікелей  әсер  етпейтінін,  оқушылардың  өзінің  ішкі 
позициясы,  қатынасы  арқылы  қабылдайтынын  есте  сақтаған  жөн.  Сондықтан 
міндетті  түрде  мұғалімнің  ықпалына  оқушылардың  саналы,  тұрақты  қатынасы, 
ішкі  позициясының  кейбір  астарларын  қалыптастыруға  бағытталған  белгілі 
жүйелерді (жағдаяттар, тапсырмалар, жаттығулар) алдын-ала қарастырған дұрыс. 
         Мұғалімнің  тікелей  мотивациялық  сфераны  дамытуға  бағытталған 
жұмыстарына төмендегідей ықпалдарды жатқызуға болады:   

 
оқушылардың  бойында  бұрын  қалыптасқан  және  нығайтылуға  тиісті 
жағымды мотивациялық ұстанымдарды өзектендіру; 

 
жаңа  мотивациялық  ұстанымдар  (жаңа  мотивтер,  мақсаттар)  мен  жаңа 
сапалардың /саналылық, тұрақтылық/ пайда болуына жағдай жасау; 

 
кейбір мотивациялық ұстанымдарды түзету. 
         Оқушылар қандай әрекетті жүзеге асырса да оны оқушылардың тәсілдер, 
әрекеттерді  орындауы  арқылы  алдына  мақсат,  міндеттер  қою  және  түсінуден 
бастап  өзін  бағалау  мен  өзін-өзі  бақылау  әрекетін  жүзеге  асыруға  дейінгі  толық 


психологиялық  құрылымы  болуы  тиіс.  Мысалы,  оқушылардың  сабақта  жаңа 
білімді игеру іс-әрекетінің циклдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу әрекеті жаңа 
материалды  меңгеру  әрекетіне  дайындықты  қамтамасыз  ететін  міндеттерді,  яғни 
мазмұны  бойынша  өзін  бақылау  мен  өзін-өзі  бағалауға  сәйкес  проблемалық 
тапсырмалар  мен  ізденушілік  оқу  әрекеті  міндеттері  болуы  тиіс.  Егер  сабақ 
жаттықтырушылық бағытта болса оқушы міндетті түрде осы іс-әрекетті орындауға 
дайын болуы тиіс. Оқушы сабақ басында сабақта болашақта пайдалана алатындай 
материал алатынын түсінуі керек. Егер оқушы өз іс-әрекетін саналы сезінетін және 
түсінетін, оқу процесіне ләззат алатын болса бастапқы мотивация күшеюі немесе 
жаңа қосымша мотивтер пайда болуы мүмкін. Сабақ соңында міндетті түрде аяқтау 
мотивтерін  тудыру  керек,  яғни  оқушы  сабақ  басында  қойылған  міндеттердің 
қайсысы  орындалды,  қайсысы  орындалған  жоқ  екендігін  бағалай  алуы,  оның 
себептерін  анықтап,  өзіндік  қорытынды  жасай  алуы  тиіс.  Сабақты  аяқтау 
кезеңіндегі негізгі міндет – оқушының сабақтан тәжірибе алуы. 
Оқушыларды  зерттеу  оқу-тәрбие  жұмысын  психологиялық  тұрғыдан 
негізделген түрде жоспарлау,оның тиімділігін дұрыс бағалау, оқушылармен жақсы 
қарым-қатынаста болып, оларды оқыту процесінің белсенді мүшелеріне айналдыру 
үшін керек (А.КМаркова).  
         Мұғалімнің  өқу  біліктілігі  және  оқу  мотивациясын  зерттеу  пәніне 
оқушының  мотиві,  мақсаты,  эмоциялары  секілді  мотивациялық  сферасы 
компоненттерімен бірге мотивацияға зор ықпалын тигізетін оның оқу біліктілігінің 
жағдайы да жатады.        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет