№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет64/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293
Байланысты:
педагогика

қызметтестік  педагогикасының 
туындауынан  көрінді.  Осы  дәуірдегі  жаңаланған  педагогиканы  дамытуға  ат 
салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп  таныла 
бастады.  Олардың  арасында  Ш.А.Амонашвили,  Л.С.Соловейчик,  В.Ф.Шаталов, 
Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский және басқалар болды.  
Бүкіл елге белгілі болған мәскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова 
“Қалайша  жеңіл  оқуға  болады?”  атты  кітабын  жариялап,  онда  бастауыш  мектеп 
оқушыларының  оқу  істерін  схема,  тірек  карточкалар,  таблицалар  пайдалану 
арқылы  басқару  тәсілдерін  көрсетіп  берді.  Сонымен  бірге  С.Н.  Лысынкова 
“Ілгерілестірілген 
(опережающее) 
оқу” әдістемесін жасады.  
Бүгінгі  кезеңдегі  педагогика  өзінің  диалектикалық,  өзгермелі  ғылым 
сипаттарына  сай  болуымен  қарқынды  дамуда.  Кейінгі  он  жылдықтарда 
педагогиканың  бірнеше  салаларында  келелі  табыстарға  қола  жеткізілді,  әсіресе 
мұндай  жетістіктер  мектептегі  оқудың  жаңа  технологияларын  жасауда  көрініс 
берді.  
Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу 
процесін басқаруда үлкен жәрдемін тигізуде. Соның нәтижесінде оқу барысында аз 
қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нәтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.  
Тәрбиенің  жетілген  әдістемелерін  жасау  бағытында  да  пайдалы  өзгерістер 
көптеп  болуда.  Ғылыми  -өндірістік  комплекстер,  авторлық  мектептер, 
эксперименталды  оқу-тәрбие  алаңдары  -  ұнамды  өзгеріс-тер  жолындағы  елеулі 
көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа және жаңаланған мектеп 
оқуы  мен  тәрбиесі  басты  назарда  тұлға  дамуын  көзге  алып,  гуманистік  бағытта 
өрлеп, өрістеуде.  
Сонымен,  тәрбие  тәжірибесі  адамзат  өркениетінің  тереңдегі  тарихи 
сатыларынан  бастау  алады.Тәрбие  жөніндегі  ғылым  негіздері  ежелгі,  көне  дәуір 
философиясының  арнасында  дамыған.  Тәрбие,  оқу,  білім  берудің  тиімді 
теориялары  мен  әдістемелері  пайда  болғанша,  педагогика  дамудың  ұзақ  та 
қайшылықты жолын басып өтті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет