икемдестірілген қолданбалы пән рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық
практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық
негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық
құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген,
байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз
тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пәніне ие
салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы
басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: