№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет81/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   293
Байланысты:
педагогика

жантану 
(психология)  ғылымымен  орныққан.  Адам  табиғатын  білу,  оның  тума 
қасиеттері  мен  мүмкіндіктерін  түсіну,  тұлға  дамуы  мен  оның  жандүниелік 
қозғалыстарында  байқалатын  заңдылықтар  және  оларды  басқарушы  тетіктерді 
ескеру, сонымен бірге оқу мен тәрбие жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-
сапа,  қажеттіктер  мен  мүмкіндіктерге  негіздей  отырып  құрастыру  талаптарын 
елеулі  ғұлама-педагогтардың  бәрі  де  алға  тартып  отырған.  Дегенмен,  ескеретін 
жәйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен 
ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи 
заңдылықтардан  кейде  басымдау  түсетін  әлеуметтік-педагогикалық  жағдайларға 
тәуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық 
ықпал нәтижесінде өзгеріске келуі әбден мүмкін.  
Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысы  адамды  тұлға  ретінде 
зерттеуімен  ортақ  келетін  философия  және  психология  аймағымен  шектеліп 
қалмайды.  Оның  адамды  тіршіліктегі  сипатында  танушы  анатомия,  физиология, 
астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.  
Адам  дамуына  ықпал  жасаушы  табиғи  және  әлеуметтік  факторлар 
арақатынасынан туындайтын проблема - педагогика үшін өзекті мәселелердің бірі. 
Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші 
биология 
ғылымында бұл мәселе 
аса маңыздылығымен танылған.  
Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі ретінде 
қарастыра  отырып,  педагогика 
антропология 
ғылымындағы  адам  туралы 
білімдердің  бай  қорын  толық  пайдаланады,  осыдан  олардың  бәрін  жалпыланған 
адам  бойында  теориялық  бірігімге  келтірумен  оның  сан  қырлы  да  көп  сырлы 
болмысын тануға жол ашады.  
Педагогиканың 
медицинамен 
байланысының  нәтижесінде  педагогикалық 
білімдердің  арнайы  саласы  коррекциялық  (реттеуші)  педагогика  пайда  болды. 
Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің 


тәсілдері  анықталды.  Педагогиканың бұл  саласы  медицина деректерін  пайдалана 
отырып,  бала  деніндегі  кемшіліктердің  орнын  толтыру  мен  оның  қоғам  өміріне 
толыққанды  араласып  кетуін  жеңілдететін  терапиялық  құрал-жабдықтар  жүйесін 
түзіп, қолданымға келтірді.  
Сонымен  бірге  педагогиканың дами  түсуі  адамды  қоғам  мүшесі  ретінде,  оны 
әлеуметтік  қатынас,  байланыстар  жүйесінде  зерттеуші  ғылымдарға  да  тәуелді 
келеді.  Сондықтан  да  осы  заман  педагогикасының  әлеуметтану,  экономика, 
саясаттану  және  басқа  әлеуметтік  ғылым  салаларымен  тұрақты  да  ықпалды 
байланысқа түсуі кездейсоқ емес.  
Педагогика  және 
экономикалық 
ғылымдар  арасындағы  қатынастар  өте 
күрделі,  бірақ  біртекті  емес.  Қай  заманда  да  экономикалық  саясат  қоғам  білімін 
қамтамасыз  етудің  қажетті  шарты  болған.  Осы  саладағы  ғылыми  зерттеулерді 
экономикалық  қолдау  педагогика  дамуына  үлкен  ықпал  жасаушы  факторға 
айналып  отыр.  Осы  ғылымдардың  байланысынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет