Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері 1. Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік
2. Педагогиканың философиялық негіздемесі
3. Педагогиканың жалпы ғылымдық әдіснамасы
4. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері
5. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру
6. Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі
Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал
деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу
әдістеріне тәуелді келеді. әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын
алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады
және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория –
таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру
тәсілі болып табылады. «