Теориялық білім»
дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында,
белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге
бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Теориялық білім
зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не
істеу керектігіне бағыттайды.Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі,
бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және
ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және
практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл
бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Қазіргі заман ғылымында
әдіснама
деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің
түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым
әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пәні,
зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге
зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді.
Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта
жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау және реттестіру қызметтерін
атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін:
дескриптивтік не прескриптивтік.
Достарыңызбен бөлісу: |