Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымдар әдіснамасы
сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір
қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі
философиялық білімдерді ажыратуға болады: экзистенциализм, прагматизм,
неотизм, неопозитивизм, диалектикалық материализм ж.т.б.
Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары
философиясы. Бұл бағытты дәріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А. Бердяев, Л.И.
Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция),
Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т.б. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы- тіршілік – өз
«меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде
шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді. Олар тікелей
объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды. Сырттай дүние әр
адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс.
Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның
өзіндік ерекшелігін жойып, қауымнан аласталуына және т.б.себепші
келеңсіздіктерін алға тартады. Мұндай қиыншылықтан құтылудың жолын олар әр
адамның өзін-өзі кемелдендіру әрекетімен байланыстырады. Осыдан, мектептің
мақсаты, экзистенциалистердің пікірінше, оқушыларды өзін-өзі қалыптастыруға
үйретіп, өз «менін» жасауға қажет тәрбие, білім беру.
Шынайы білімдерге қарсы тұруымен аталған бағыт теоретиктері мектеп
бағдарламалары мен оқулықтарына қарсылық білдіреді. Білім құндылығы мен
қажеттілігі әр нақты тұлға үшін өзіндік маңызға ие болуынан мұғалімнің міндеті
оқу, тәрбие материалын игеруде оқушыға толық еркіндік беріп, оның ынта-
ықыласы мен қызығуларына жол ашу. Заттар мен құбылыстар мәнін ұғыну оқушы
еркінде. Ал ұғу процесі санаға негізделмей, бала сезімдері, арманы мен сеніміне
орай іске асырылады. Экзистенциализм жекелеп оқытудың философиялық
негіздемесі ретінде танылып отыр.