№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет42/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   293
Байланысты:
педагогика

  Өздігінен білім алу қызметтері. 
   
Педагогтың  өздігінен  білім  алуы  –  мәдениетті,  оқыған  адамның  өміріне 
қажетті тұрақты сабақ, ол оған әрқашанда жол көрсетеді. Кәсіби өздігінен білім 
алу келесі қызметтерді атқарады: 



 
экстенсивті, ол жаңа білімдері жинақтаудан, алудан тұрады; 

 
бағдарлық,  өзінің  мәдениеттегі  және  қоғамдағы  орнын  анықтауды 
ұсынады; 

 
компенсаторлы,  мектеп  оқуының  кемшіліктерін  жеңуге  бағытталған,  өз 
біліміндегі «ақ таңдақтарды» жою; 

 
әлемнің 
жеке 
бейнесін, 
өзінің 
санасын, 
жадысын, 
ойлауын, 
шығармашылық қасиеттерін жетілдіруден тұратын өзін-өзі дамыту; 

 
кәсіби  саяздықты  жеңуге  бағытталған  әдіснамалық,  әлемнің  бейнесін 
салып бітіру; 

 
ғылымдар,  кәсіптер,  сословиялар,  жастар  арасындағы  байланысты 
орнатумен байланысты коммуникативтік; 

 
оның  міндетті  толықтырылуын  шығармашылық  жұмыста  түсіндіретін, 
жаратушылық; 

 
дербес ойлаудың инерциясын игеруге ықпал ететін, қоғамдық көзқарастың 
тоқырауын  жасартатын  (толық  өмір  сүру  және  даму  үшін,  уақыт  өте  келе 
оқытушының жағдайынан бас тарту және оқушының жай-күйіне ауысу қажет); 

 
болмыстың  толықтығын,  адамзаттың  зияткерлік  жылжуының  кең 
майданына  қатыстылық  сезімін  сақтаудан  тұратын,  психологиялық  (және  тіпті 
психотерапевтік); 

 
әлеммен  және  олар  арқылы  ағзаның  өмірге  қабілеттілігін  ұстап  тұруға 
байланысты геронтологиялық [5].  
Осылайша,  тәжірибеші  мұғалімдер  секілді  жоғары  оқу  орындарының 
студенттерінің  өздігінен  білім  алу  қызметі  де  бар  білімдерін  толықтыруға, 
тереңдетуге,  кеңейтуге  бағытталған,  базалық  білімнің  кемшіліктерінің  орнын 
толтырады және оны алудың құралы болып табылады; педагогикалық қызметтің 
жеке  стилін  қалыптастыруға  ықпалын  тигізеді;  өзін-өзі  танудың  және  өзін-өзі 
жетілдірудің құралы болып табылады. 
Кәсіби өздігінен білім алу өздігінен білім алу қызметінің бірнеше түрлерінен 
тұрады:  

 
фондық жалпы білім беретін өздігінен білім алу;  

 
фондық педагогикалық өздігінен білім алу; 

 
келешекте кәсіби өздігінен білім алу; 

 
өзекті педагогикалық өздігінен білім алу. 
Олардың әрбіреуіне сипаттама берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет