№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Кәсіби өзін-өзі дамытудың әдісі ретіндегі «портфолио» әдісі



Pdf көрінісі
бет45/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293
Байланысты:
педагогика

 Кәсіби өзін-өзі дамытудың әдісі ретіндегі «портфолио» әдісі 
Кәсіби  дамытудың  заманауи  әдістерінің  бірі  «портфолио»  әдісі  болып 
табылады.  Ол  маманның  жинақтаған  әдістерін,  білімін  жүйелеуге,  оны 
дамытудың  бағытын  нақты  анықтауға,  оған  ең  білікті  педагогтар  мен 
әкімшіліктің  тарапынан  кеңес  беруді  жеңілдетуге,  сондай-ақ  оның  кәсіби 
деңгейін жан-жақты бағалауға арналған. 
Портфолио келесілерден тұрады:  

 
кәсіби дамуын көрсететін құжаттар жиынтығы (дипломдар, сертификаттар, 
анықтамалар, грамоталар, мінездемелер, ұсыныстар және т.б.);  

 
әдістемелік  «портфель»  -  әдістемелік  еңбектердің  ең  сәттілерін, 
балалардың шығармашылық және өзге де жұмыстарының мысалдарын олардың 
тиімділігіне талдау жасай отырып, пайдаланылатын әдістерді сипаттау; 

 
тәлімгерлермен  жұмыс  үдерісін  және  жұмыс  нәтижелерін  сипаттау 
(жұмыстың болжанатын мақсаттары, жоспарлар, бағдарламалар, супервизордың 
қадағалауының нәтижелері және оның тарапынан жұмысты бағалау); 

 
ұстазды аттестаттаудың және жұмысын бағалаудың өзге түрлері [7]. 
Маманның қалауы бойынша, портфолиоға өзге де құжаттар қосылуы мүмкін. 
Портфолионы  жинауды  бастамас  бұрын,  ең  алдымен  осы  жұмыстың 
мақсатын нақты анықтау қажет. Осыған байланысты, оған әртүрлі құжаттар және 
тіпті тақырып бойынша материалдарды іріктеу қосылуы мүмкін. 
Портфолиомен жұмыстың негізгі мақсаттары қандай болуы мүмкін? 
1. Ұстаздың мансабын дамытуға көмек. 
Егер маман өз мектебінде ең жоғары лауазымға, төлемнің ең жоғары тобына 
немесе  аттестаттау  санатына,  әкімшілік  жұмысқа  үміткер  болатын  болған 
жағдайда немесе жұмысын ауыстырғысы келсе, онда ол өзінің портфолиосында 
кәсіби дамуда ең жоғары деңгейге нақты жете алатынын көрсететіндей ақпаратты 
көрсетуі  қажет.  Бұл  жұмысты  педагогтың  өз  мамандығына,  оқыту  және 
тәрбиелеу  үдерісіне  нақты  көзқарасы  толық  және  нақты  қисынға  келтірілген 
шағын эсседен бастаған дұрыс болады.  
Эссені жазудың мақсаты – маманның құндылық бағдарлары мен бағыттарын, 
оның себебін және жұмыстағы негізгі мазмұнды мақсаттарын анықтау. 
Егер сабақтың, тәрбиелік іс-шаралардың үзінділерінің бейнежазбалары және 
т.б. жасалатын болса, құба-құп. Бейнежазбаларды қызметтің аталған нысанының 
тиімділігін, жұмысты  талдау бойынша  маманның шеберлігін көрсететін шағын 
рефлексивті сын-пікірлермен толықтыру керек. 
Портфолионың тағы бір бөлімі педагог мансабын дамытуға көмек ретінде  – 
оның жұмысын ресми бағалауды көрсететін құжаттар. 


Бұл  мінездемелер,  аттестаттау  нәтижелері,  жыл  ішіндегі  жұмыс  нәтижесі 
бойынша қорытындылар, ұсынымдар және т.б. болуы мүмкін. 
Қорытынды  бөлім  –  педагогтың  білімін,  біліктілігі  немесе  мамандануын 
көрсететін  құжаттар:  дипломдар,  сертификаттар,  грамоталар,  анықтамалар, 
аттестаттау комиссиясының қорытындылары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет