№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Келешекке бағдарланған кәсіби өздігінен білім алу



Pdf көрінісі
бет44/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293
Байланысты:
педагогика

Келешекке бағдарланған кәсіби өздігінен білім алу
 – бұл жеткілікті түрде 
ұзақ  мерзімге  есептелген,  белгілі  бір  пәндік  немесе  психологиялық-
педагогикалық,  әдістемелік  проблемамен  студенттің  жұмысы:  рефераттарды, 
курстық және диплом жұмыстарын жазу. 
Өзекті педагогикалық өздігінен білім алу
 – бұл болашақ ұстаздың жеке, ең 
маңызды,  алайда  өзінің  оқу  қызметіндегі  жиі  болып  тұратын  қиындықтармен 
жұмыс жасау қызметі. 
Болашақ  ұстаздың  өздігінен  білім  алуының  әрбір  мазмұнды  компоненті 
қалыптасудың  әртүрлі  деңгейінде  бола  алады,  нәтижесінде  барлық  өздігінен 
білім алатын қызмет көп деңгейлі үздіксіз білім ретінде алға шығады [5]. 
ЖОО  кешегі  мектеп  түлектері  жаңа  жағдайларға  тап  болады,  ол  оларға 
жоғары  талаптар  қояды:  өз  уақытын  дұрыс  бөлу  мен  жоспарлай  білуі,  өзінің 
жұмыс орын ұйымдастыру, кітаппен және арнайы әдебиетпен жұмыс жасай білуі 
және т.б. 
Өзіндік  жұмысының  шеберлігі  мен  машықтарын  дамыту  күн  тәртібінің 
гигиеналық  және  педагогикалық  негізділігін  орнатудан  басталады.  Өзінің  оқу 
және оқудан тыс қызметін өздігімен білім алатын жұмыс үшін де және мәдениетті 
демалысқа да уақыт қалатындай жоспарлау қажет. 
Өзіндік жұмыстарды жүргізе білудің және оқу қызметін дұрыс ұйымдастыру 
шеберлігінің  қалыптасуы  ақыл-ой  еңбегі  мәдениетінің  қалыптасқанын 
куәландырады, ол келесілерден тұрады: 

 
талдау  және  синтездеу,  салыстыру  мен  жіктеу,  абстрактылық  және 
жалпылау,  алынған  білім  мен  ақыл-ой  қызметін  әртүрлі  жаңа  жағдайларға 
«ауыстыра» білуден көрініс беретін ойлау мәдениеті; 

 
тұрақты танымдық қызығушылық, танымдық міндеттерді шығармашылық 
тұрғыдан  шеше  білу  машықтары,  осы  сәттегі  ең  маңызды  мәселелерге  назар 
аудара білу; 

 
білімді  игеру  бойынша  өзіндік  жұмыстың  дұрыс  тәсілдері  мен  әдістері, 
ауызша және жазбаша сөйлеуді жетік меңгеру; 

 
ақыл-ой  еңбегінің  гигиенасы  және  оны  педагогикалық  мақсатқа  сай 
ұйымдастыру,  өз  уақытын,  дене  және  рухани  күштерін  ақылға  сай  пайдалану 
және жұмсай білуі [6]. 


Болашақ ұстаздың кәсіби өздігінен білім алуының ең тиімді жолы – курстық 
және  дипломдық  жобаларды  жасау  аясында  ғылыми-теориялық  мәселелерді 
зерттеуге қатысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет