№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогтың  өзін-өзі  тәрбиелеуі  және  оның  педагогтың  кәсіби  тұрғыда



Pdf көрінісі
бет46/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293
Байланысты:
педагогика

Педагогтың  өзін-өзі  тәрбиелеуі  және  оның  педагогтың  кәсіби  тұрғыда 
қалыптасуындағы рөлі 
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз бойында оң қасиеттерді қалыптастыру және 
жетілдіру,  теріс  қасиеттерді  жою  бойынша  саналы  және  мақсатқа  сай  қызметі. 
Өзін-өзі  тәрбиелеудің  басты  шарты  өзі  туралы  нақты  білу  және  өзін-өзі  дұрыс 
бағалаудың,  сана-сезімнің,  нақты  танылған  мақсаттардың,  мұраттардың, 
тұлғалық мағыналардың болуы болып табылады.  
Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбиемен үздіксіз өзара байланыста болады. 
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өз бойында оң қасиеттерді қалыптастыру және 
жетілдіру, теріс қасиеттерді жою бойынша саналы және мақсатқа сай қызметі.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  адамның  өзін  өзгертуіндегі,  ашуындағы,  өзінің  рухани 
қажеттіліктерін,  шығармашылығын,  тұлғалық  қарқынын  байытудағы  жеке 
белсенділік ретінде. 
Кез-келген басқа да қызметтердегі сияқты, кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің түпкі 
тамырында белсенділіктің себептері мен көздерінің біршама қиын жүйесі жатыр. 
Әдетте,  өзін-өзі  тәрбиелеудің  қозғалмалы  күші  мен  көзін  ұстаздар  жетілдіруге 
деген қажеттілік деп атайды. Алайда, бұл қажеттіліктің ұстазға қоғамның қоятын 
талаптары  мен  оның  кәсіби-тұлғалық  даму  деңгейінің  арасындағы  қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігінен туындай салмайтынын атап өту қажет. 
Ұстазға  қоғамның  қоятын  талаптары,  «өзімен  жұмыс  жасауды 
ынталандырады  немесе  ұстаздарды  өз  санасындағы  қарама-қайшылықтарды 
алып тастау үшін барлық айла-шараларға баруға мәжбүрлейді» [8]. 
Психологтар  осыған  ұқсас  қарама-қайшылықтарды  алып  тастаудың 
компенсаторлы  механизмдерін  көрсетеді:  рационализациялау,  инверсия, 
«шынайылықтан қашу» проекциясы және т.б.  
Кәсіби  өзін-өзі  тәрбиелеудің  негізінде,  ұстаздың  қызметінің  негізіндегі 
секілді,  мақсат  пен  себептің  арасында  қарама-қайшылық  жатыр.  Себептің 
мақсатқа  қарай  жылжуын  қамтамасыз  ету  –  яғни өзін-өзі  тәрбиелеуде  шынайы 
қажеттілікті  туындату.  Ұстаздың  өзін-өзі  тәрбиелеуіндегі  осылайша  туындаған 
қажеттілікті  бұдан  әрі  белсенділіктің  жеке  көздері  (сенушілік,  парыз, 
жауапкершілік,  кәсіби  ар-намыс  сезімі,  салауатты  түрде  өзін-өзі  жақсы  көруі 
және т.б.) тұрақты түрде қолдап отырады. Осылардың барлығы өзін-өзі жетілдіру 
бойынша  іс-әрекеттер  жүйесін  туғызады,  олардың  сипаты  көп  жағдайда  кәсіби 
мұраттың  мазмұнымен  алдын  ала  анықталады.  Басқаша  айтқанда,  мұғалім 
педагогикалық қызметтің тұлғалық, терең мағыналы құндылық екендігін нақты 
сезінген кезде, өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік те пайда болады және өзін-
өзі тәрбиелеу үдерісі басталады. 


Ғылым  өзін-өзі  бағалауды  қалыптастырудың  екі  тәсілін  атап  көрсетеді. 
Біріншісі, 
өзінің 
тырысу 
деңгейін 
қол 
жеткізілген 
нәтижелермен 
байланыстырудан  тұрады,  ал  екіншісі  –  қоршағандардың  өзі  туралы  пікірін 
әлеуметтік салыстыру. Бірақ, осы тәсілдерді пайдалану кезінде өзін-өзі бағалау 
әрдайым өз қалауыңдай бола бермейді. Мардымсыз тырысу өзін-өзі тым жоғары 
бағалауға алып келуі мүмкін, себебі жұмыстағы қиыншылыққа өз алдына жоғары 
міндеттер қоя білетін тәрбиешілер ғана ие бола алады. Шығармашылық тұрғыдан 
жұмыс істейтін ұстазды әріптестердің нәтижелері мен өзін және өз нәтижелерін 
салыстыру  арқылы  өзін-өзі  бағалауды  қалыптастыру  тәсілі  де  қанағаттандыра 
алмайды. 
Ұстаздың  өзін-өзі  бағалауын  қалыптастырудың  негізгі  амалы  (оның  ішінде 
келешектегі)  –  ұстаз-тәрбиешінің  тұлғалық  және  қызметтік  мұратымен  өз 
нәтижелерін  өлшеу  және  бұл  жұмыс  ертерек,  бірінші  курстан  басталуы  тиіс. 
Кәсіби мұратты қалыптастырудың ең қарапайым және ең сенімді амалы – арнайы 
әдебиетті  өздігінен  білім  алумен  зерделеу,  ұстаздың  өзінің  мұратын  іздеу 
мақсатында көрнекті педагогтардың өмірімен және шығармашылығымен танысу. 
Бұл  оның өзін-өзі  тәрбиелеуінің  тиімді  болуы  үшін  ең  басты  шарты.  Бұл  ретте 
еліктеу  үшін үлгі  бола  алатын  жігерлі  адамды  пір  тұту  маңызды  роль  атқаруы 
мүмкін.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  үдерісін  ынталандыратын  сыртқы  факторларға 
педагогикалық ұжым, мектепті басқару  стилі және бос уақыт факторы жатады. 
Әсіресе, жаңадан бастап жүрген мұғалім, өзара тілектес және талапшыл, табанды, 
орынды  сынау  және  өзіне  де  сын  көзбен  қарай  білу,  әріптестерінің 
шығармашылық  ізденістеріне  ерекше  назар  салу  және  олардың  табыстарына 
шынайы  қуана  білу  қалыптасқан,  жас  мұғалімдердің  кәсіби  өсуіне  шынайы 
қолдаушылық  сезілетін  ахуал  орнаған  педагогикалық  ұжымға  келе  отырып, 
кәсіби  мұрат  талаптарына  сәйкес  келуге  тырысады.  Керісінше,  педагогтар 
арасындағы  ұжымдық  бастаулардың  жоқтығы,  шығармашылық  ізденісті 
менсінбеу және өзін-өзі тәрбиелеудің мүмкіндіктеріне кекесінмен қарау өзін-өзі 
жетілдіру қажеттілігін жойып тынады. Егер мектептің басшылығы педагогтарға 
өз күштері мен қабілеттеріне деген сенім туғызуға, олардың әрбірінің сәттілікке 
жетуіне  жағдай  жасамаса,  егер  оның  талаптарының  артында  ұстаздардың 
сәттіліктері  үшін  алаңдаушылық,  көмектесуге  тырысу  сезілмесе,  онда  мұндай 
мектепте өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік те туындамайды. 
Ең  соңғысы  –  уақыт  факторы.  Ол  ұстазға  көркем  әдебиетті,  мерзімді 
баспасөзді  оқу,  мұражайларға,  театрларға,  көрмелерге  бару,  фильмдер  мен 
телебағдарламаларды  көру,  арнайы,  сондай-ақ  психологиялық-педагогикалық 
әдебиетті зерделеу үшін қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет