1 дәріс. Тақырыбы: «Бағалаудың теориялық аспектілері. Критериалды бағалау қағидаттары»



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,41 Kb.
#90877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1-дәріс мәтіні (1)

Скаффолдинг теориясы
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік. Оқу процесі барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздердің толық сипаттамасымен Жүйелі-әдістемелік комплекс білім беру порталындағы «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу- әдістемелік құралынан таныса аласыздар.
Сонымен, критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі.
Біздің елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып анықталған критериалды бағалау жүйесі бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда

  • Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және нақты бағалау жүйесін іске асыру;

  • Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

  • мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру;

  • оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасау және олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

  • сонымен қатар

  • білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;

  • мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

  • ата-аналарға балаларының оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;

басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы объективті, үздіксіз және нақты ақпарат беру.
Сонымен, орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін: оқу жылы бойына оқушының дамуын қамтитын қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пәннің мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет