1 дәріс. Тақырыбы: «Бағалаудың теориялық аспектілері. Критериалды бағалау қағидаттары»


Бағалау үшін оқыту мақсаттарын іріктеу кезінде келесі сұрақтарды ескеру қажет



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі29,41 Kb.
#90877
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-дәріс мәтіні (1)

Бағалау үшін оқыту мақсаттарын іріктеу кезінде келесі сұрақтарды ескеру қажет:
1. Қандай оқу мақсаттарын бағалау маңызды болып табылады?
2. Осы білім, білік-дағдылар, құндылықтар оқушыға пайдалы ма, оларды оқушылар өмірде қолдана ма?
Валидтілік бағалаудың мазмұнды сипаттамасы болып табылады, ол бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді көрсетеді. Бұл қағидатты жүзеге асыру:

  • нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;

  • бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;

  • тапсырмаларды құрастыру және бағалау процедураларын жоспарлауды қарастырады.

Сонымен, күтілетін нәтижеге жету үшін бағалау әдісінің дұрыс таңдалғанына қалай көз жеткізуге болады?
Ол үшін оқушының қажетті білім, білік-дағдылар мен құндылықтарды меңгергенін анық көрсететін бағалау құралын, яғни бағалауға арналған тапсырманы немесе жаттығуды таңдау қажет.
Бұл тұста, профессор Дайана Хесстің «Өзің үйретпеген нәрсені бағалау – әділетсіздік » деген сөзінің маңыздылығын атап көрсетуге болады.
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу процесіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет