1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар



бет23/40
Дата16.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#168978
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
1 ä?ð³ñ òà?ûðûáû. Á³ë³ìí³? åðåêøåë³êòåð³ ìåí îíû? ?àç³ðã³ ?ëåóìå

білім беру ортасы –білімнің әлеуметтік –мәдени мазмұны ретінде;
білім беру институттары – білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде;
білім беру үрдісі – білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде;
білім беру саясаты – білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету;
білім беруді басқару – оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды алып келді. Н.Г.Алексеев Ю.В.Громыко, В.А.Никитин зерттеулерінде жобалау туралы білім берудегі инновациялардың мәдени түрі деген түсініктер де берілді.
Жобалау түрлерін классикалық сипаттағы инженерлік – техникалық жобалау, әлеуметтік жобалау деп қарастырсақ, білім берудегі жобалауды әлеуметтік жобалаудың бір түрі ретінде гуманитарлық жобалау деуге болады. Оны дәлірек түсіндіру үшін гуманитарлық жобалардың мәнісін айқындап алу керек. Атынан белгілі болып тұрғандай, гуманитарлық жобалаудың мән –мақсаты адам табиғаты мен адами қатынастардың ерекшеліктеріне сай жаңғыртулар жасау болып табылады. Г.П.Щедровицкий білім берудегі жобалаудың екі стратегиялық түрін белгілейді, олардың бірі – әлеуметтік ортаға және оның жағдайларына бейімделу, басқаша айтқанда, педагогтардың білімнің әлеуметтік өзгерістерге жауап беру түрлері деуге болады; екіншісі –өз құндылықтарына, мақсаты мен ұстанымдарына сәйкес жетілдіру немесе жаңарту, қайта құру.
Бүгінгі әдебиеттерде жобалау – «алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау әрекеті», бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық –құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты өз шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады.
Жобалауға – педагогикалық жобаны жасау және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы – деген түсініктер берушілер де бар. Жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен педагогикалық қоғам оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге (О.И.Газман), жобалау негізіндегі білім беруге (Г.Ильин) көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалық ортаның білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді.
Білім беруді басқарудағы жобалауға туралы зерттеушілер пікірлері төмендегідей болып келеді. «Педагогикалық жобалау» түсінігі В.Безруковтың анықтамасы бойынша «гуманистік мазмұндағы білімді гуманистік әдістер мен тәсілдер арқылы игеру негізінде белгіленген білім өнімін алудағы оқушылардың білім нәтижелері мен мақсатына болжам жасау және оны модельдеу».
И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;
А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;
Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;
Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;
Олардан басқа жобалауға «педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы» деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді.
И.А.Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік – бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық – құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.
Педагогикалық жобалауды жүйелік тұрғыдан қарастыру тұжырымдамасы негізінде өткен ғасырдың 80 жылдары ене бастады. Олар Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.П.Беспалько,т.б. педагогикалық үрдістегі жүйе құраушы идеялары негізінде пайда болды. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қарастыру олардың педагогикалық әрекеттерді жобалауға жаңа көзқарастарын көрсетеді. Ондағы мақсат мұғалімнің жобалық әрекеттері оқушыны дамытуға бағытталғандығын байқатады. И.П.Волков өз еңбегінде болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік, педагогтық және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да бағытталады. М.А.Данилов педагогикалық үрдістегі жобалаудың негізгі бағыттарын жасай отырып, П.Ф.Каптеревтің идеяларын қайта жаңғыртты. Оның мазмұны педагогикалық үрдістің ішкі жақын – педагогикалық үрдіс логикасын, педагогикалық зерттеу логикасын, педагогикалық перспектикалық ойлау логикасын болашаққа қатысты құрастыру болатын. Автордың ойынша болашаққа бағытталған педагогиканың басты шарты жаңа жаңарған педагогикалық сана болып табылады.
Жобалау өзгермелі кезеңдердегі даму тенденцияларының жан – жақтылығы жағдайында педагогикалық жүйенің стратегиялық бағдарларын үнемі қамтамасыз етіп отырады. Олар:
жүйені белгілі бір қызметтері, қарым –қатынастары және қасиеттері деңгейінде жетілдіріп отырады;
жүйенің жаңа қарым – қатынастарын, қасиеттерін және икемділігін қалыптастыратын компенсаторлық қызметтер дамытып отырады;
тұтас құрылым құрамында пайда болатын жаңа жүйелердің қызметі мен орнын қарастырады;
белгілі бір қызметтердің, қарым –қатынастардың және қасиеттерінің өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп отыруын қамтамасыз етеді;
Көрсетілген бірінші және екінші қызметтер арқылы жүйенің типтік ұқсастығы қамтамасыз етіледі, жобалау нәтижелерінің алдын ала белгіленетіндігі де, бірегейленетіні да осыдан. Бүгінгі таңда жобалау әрекеті педагогикалық жүйелерді жаңартатын, ондағы оқыту мен тәрбие үрдісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын көп функционалдық педагогикалық әрекет деп қарастырылуда.
Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда В.П.Беспальконың пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз. Өзінің көпфункционалдық сипатына сай педагогикалық жобалауды төмендегі сапаларда қолдануға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет