№1 дәріс Тақырыбы: Кинематика. Динамика


Молекулалық физика және термодинамика



бет16/59
Дата07.02.2022
өлшемі2,32 Mb.
#85885
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Физикадан ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Молекулалық физика және термодинамика макроскопиялық денелердің, былайша айтқанда, өте көп микробөлшектерден ( молекулалар, атомдар, иондар, электрондар т.с.с.) тұратын денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімдері. Осы қасиеттерді зерттеу үшін сапалы түрде алшақ және бірін-бірі толықтыратын екі әдіс қолданылады: молекулалы-кинетикалық (статистикалық) және термодинамикалық.
Жүйелерді құрайтын микробөлшектердің қозғалысы сипаттамаларының орташаланған мәндері негізінде макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі, молекулалы – кинетикалық (статистикалық) әдіс деп аталады.
Жүйелерде жүретін энергияның алмасу заңдарына сүйене отырып макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу әдісі термодинамикалық деп аталады.
Молекулалы-кинетикалық теорияның (МКТ) негіздері:
1. Барлық заттар молекулалардан тұрады.
2. Молекулалардың арасында бірмезгілде өзара тарту және тебу күштері әсер етеді.
3. Молекулалар үздіксіз хаосты (бейберекет) қозғалыс күйінде болады.
Идеал газ – келесі шарттарды қанағаттандыратын газ:
- молекулалар - материялық нүктелер;
- молекулалар арасындағы тарту күштерін елемеуге болады;
- молекулалар арасындағы тебу күштері олар өзара соқтығысқан мезетте ғана ескеріледі.

Газ қысымы газ молекулаларының ыдыс қабырғаларымен сансыз көп соқтығысуларының салдары болып табылады.
(5.1)
,
мұнда - уақыт ішінде молекулалардың ыдыстың қабырғасын соққылау саны.


,
. (5.2)
Молекулалардың жылдамдықтары әртүрлі, сондықтан жылдамдықтардың квадратының орташа мәнін алу керек:
. Сонда , (5.3)
немесе
(5.4)
бұл жерде - молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орта кинетикалық энергиясы.
Газдың күйі үш макроскопиялық параметрлермен сипатталады. температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
- абсолют температура.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет