1-ДӘріс тақырыбы: Математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі түсініктері. “Модель” түсінігі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#193955
1   2   3
Байланысты:
1-дәріс МКМ

Модель (Model, simulator) 
– 1) қасиеттері белгілі бір жүйенің немесе процестің 
қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай 
өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мыс., процессордың 
жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдыќ объект түрінде, 
математикалыќ байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын 
программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу 
үшін ќолданылады. Модельге ќойылатын негізгі талап – оның ќасиеттерінің негізгі 
объектіге сєйкес келуі, яғни барабарлығы[1]. 
Модельдеу (Моделирование; simulation) 
– кез-келген құбылыстардың, процесстердің 
немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін 
құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын 
анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр 
түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Модель төрт деңгейде түп нұсќаның орынбасары бола 
алады:
1-элементтер деңгейінде,
2- құрылым дейгейінде,
3- қалып-күй немесе қызметтік деңгейін, 
4- нәтижелер деңгейінде.
Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық 
модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын 
нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша 
модельдеу тіл көмегімен іске асырылады [1]. 
“Модель”
түсінігі кибернетикада бақыланатын объектілер класын сипаттайтын теорияның 
моделін белгілеуде жиі қолданылады. Демек, кибернетикада берілген нақты объектінің 
моделі осы объект туралы теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу – 
бұл да оқып үйренетін объекті теориясының модельденуі. 
Модельдеуші (модель субъектісі) тек адам бола алады. Модельдеу объектісі 
табиғи 
(өсімдік, күн системасы) және адамның ықпалымен құрылып 
жасанды 
болуы мүмкін (1-
сурет). 


Модельдеу жүйесі (modeling system) 
– зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің 
математикалыќ және физикалыќ аналогтарын ќұру және талдау. Модельдік тәжірибе 
зерттеу тєсілі ретінде жүйені жаңғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін 
жүйеге тікелей тәжірибе жүргізу ќиын, немесе экономикалыќ тұрғыдан тиімсіз болуы 
мүмкін[1]. 
Табиғи объектілерді ешқандай модельдің толықтай бейнелей алмайтындығы белгілі. 
Табиғи объектілердің элементтерінің арасындағы байланыстардың көбінесе белгісіз 
болуы олардың күрделілігін айқындайды. Сондықтан табиғи объектілердің модельдері 
түпнұсқаға қарағанда қарапайым болады. Адамдар тарапынан құрылатын объектілерде 
мұндай жағдайлардың толыќ ескерілмеуі мүмкін. 
Бірақ модельдеу барысында модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетсіз детальдар 
еленбейді. 
Модельдер не үшін қажет?
1-сурет. Модельдеудің жалпы схемасы 
Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін объектілердің 
қандай да бір алмастырушысын құрады. Мұның табиғи көшірме – картина/скульптура; 
самолеттің ұшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті; қандай да бір бұйымның партиясын 
дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін. 
Адамның оқып үйренетін объект туралы ақпараттық моделінің негізін құрайтын қажетті 
ақпараттарды жинақтауы қажет. 
Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану оқып үйренетін 
объектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демонстрациялауға мүмкіндік береді. 
“Модель” термині көп мағыналы. Модель деп қандай да бір заттың кішірейтілген 
көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), математикалық формулаларды, 
бұрыштан горизонтқа лақтырылған дененің ұшу моделін, іштен жану двигателі 
жұмысының моделін, бұйымдарды жинау моделін, құрамы бойынша сөйлем талдау 
моделін, қандай да бір нәрсенің эталонын (метр эталоны, килограмм эталоны) айтамыз. 
Жалпы түрдегі “модель” түсінігі төмендегідей негізде анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет