№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
37 
Зат есімдер грамматикалық және кеңістікті білдіретін септік жалғаулары 
арқылы түрлену жүйесіне түседі. Септік категориясы – есім сөздердің ішінде 
зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың бірі. Септік жалғаулары 
арқылы зат есімдер өзара бір-бірімен немесе басқа сөздермен байланысқа 
түседі. Соның нәтижесінде грамматикалық тұрғыдан құрылымдық және 
мағыналық өзгеріске ұшырайды. 
Септік жалғаулары тек зат есімге немесе зат есімдердің орнына жүретін 
сөздерге ғана тән. Ал басқа сөз таптарының септік жалғауларын қабылдауы 
заттану, яғни субстантивтенумен байланысты. 
Зат есімнің грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуінің бір жолы – оның 
жіктелуі [5, 458]. 
Бірақ зат есімдердің барлығы бірдей жіктік жалғауын қабылдай бермейді. 
Олардың ішінде адамға, оның кәсібіне, қызметіне, тегіне, мамандығына 
қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. 
Ғалым Н. Оралбай зат есімдердің жіктелуін олардың синтаксистік қызметімен 
байланыстырады [4, 125]. Жіктік жалғаулары баяндауыш болатын сөздерге 
жалғанатындықтан, зат есімдер де баяндауыш қызметінде жіктеу жүйесімен 
толық түрленеді. 
Ал басқа мағыналық топтары қолданылу ыңғайына қарай субъектілік мәнге ие 
болған жағдайда ғана жіктік жалғауын қабылдайды. 
Зат есімдердің ішінде түпкілікті мағынасы мен қызметінен бүтіндей не 
жартылай айырылып көмекші сөз қызметінде қолданылатын сөздер де бар. 
Ондай сөздер көмекші есімдер болып табылады. Олар өздеріне тән лексикалық 
мағыналары нәтижесінде морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп, 
синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі мүше 
құрамында қолданылып отырады. 
Көмекші есімдердің зат есімдерден айырмашылығы: мағыналық жағынан 
дерексізденуі және семантикалық түрғыдан нақтылы бір ұғымды өзінен бұрын 
тұрған есім сөзге тіркесу арқылы ғана білдіруінде. 
Тілдегі көмекші есімдер білдіретін мағынасының сипатына қарай горизонталь 
бағыттағы кеңістік қатынасты, вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты және 
көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер болып үш топқа 
бөлінеді [5, 458]. 
А. Ысқақов көмекші есімдердің бойында зат есімдерге тән семантикалық 
дербестік те, морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті 
де толық сақталатындығын айта отырып, синтаксистік қызметі мен 
морфологиялық формаларында бір-бірінен айырмашылық болмайтындықтан 
олардың семантикалық жағынан мағынасына қарай синонимдес (мәндес) және 
антонимдес (қарсы мәндес) болып келетінін ескертеді [3, 208]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет