Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
Бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым
33
«Қазақ грамматикасында» да ең басты
грамматикалық ұғымдарға
грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық
категория жатқызылады [3, 415].
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды саралай келіп, грамматикалық
ұғымдардың негізгі үш түрін – грамматикалық мағына, грамматикалық форма
және грамматикалық категорияны да бөліп көрсетуге болады. Ал
грамматикалық тәсіл грамматикалық форманың ішінде қарастырылады.
Грамматикалық мағына ұғымының табиғаты да біркелкі емес [4, 185]. Оған
ғылыми еңбектерде осы ұғымға түрліше беріліп жүрген анықтамалар мен
пікірлер дәлел бола алады. Грамматикалық мағына,
берілу жолдары, тілдің
грамматикалық құрлысынан алатын орны, грамматикалық категория жасауға
негіз болуына және басқа сөздермен түрлі грамматикалық қатынасқа түсуіне
қарай үшке бөлінеді: жалпы грамматикалық мағына,
категориялық
грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына.
Грамматикалық мағынаны ішкі ерекшелігіне қарай жалпы грамматикалық
мағына және жеке грамматикалық мағына деп бөлуші пікірлер де бар [5, 11].
Қатыстық грамматикалық мағына мен категориялық грамматикалық
мағынаны жеке грамматикалық мағынаның ішінде қарастырады.
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері жөніндегі пікірлер біркелкі емес.
Ә. Хасенов, К.Аханов оның екі түрін, яғни синтетикалық және аналитикалық
тәсілдерді көрсетсе [1, 15; 2, 411], «Қазақ грамматикасында» грамматикалық
мағынаны білдірудің семантикалық, синтетикалық және аналитикалық тәрізді
үш тәсілі, аталған тәсілдер арқылы берілетін бірнеше жолдары көрсетіледі [3,
419].
Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен түрлері
әрбір тілдің
құрылымдық сипатына қарай әркелкі. Соның ішінде қазақ тілінің жалғамалық
қасиетіне байланысты грамматикалық мағына белгілі бір тәсілдермен беріледі.
Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық мағына туғызушы тілдік
құралдар [4, 227]. Грамматикалық мағынаның барлық түрі тек грамматикалық
формалар арқылы жасалмайтыны белгілі. Сондықтан грамматикалық
форманы грамматикалық мағына жасаушы тілдік құралдардың бір түрі деп
қараған жөн. Грамматикалық форма белгілі бір парадигмалық жүйенің бір
көрінісі болып табылады.
Грамматикалық мағынаның ешбір грамматикалық
формасыз берілетін
жағдайлары да кездеседі. Бұл құбылыс морфология саласында нөлдік форма
ұғымымен түсіндіріледі. Нөлдік форма мен грамматикалық форма
грамматикалық мағына білдірудегі қызметімен ерекшеленеді.
Нөлдік форманың өзіндік белгілерін анықтауда С. Исаев, Н. Оралбаева, Ы.
Маманов, Ж. Балтабаева т.б. оның түрлі ерекшеліктеріне көңіл бөледі.
Мәселен, С. Исаев, Н. Оралбаева «белгіленушісі, яғни мағынасы бар»,