№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет39/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
39 
№8-дәріс 
 
Тақырыбы
:
Сын есім, лексика - грамматикалық сипаты
Сын есім. Семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік 
қызметі
Мақсаты:
Сын есімнің мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері, 
семантикалық топтары, шырай категориясы, басқа сөз таптарының сын есімге 
ауысуы туралы түсінік беру.
Дәріс жоспары: 
1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты, ерекшелігі. 
2.Сапалық сын есімнің шырай категориясы. 
3.Субстантивтену және адвербиалдану құбылыстары. 
Негізгі ұғымдар
: Сапалық, қатыстық сын есімдер, субстантивтену, 
адвербиалдану, 
адъвективтену, 
шырай, 
салыстырмалы, 
асырмалы, 
күшейтпелі, бәсең шырай, делексикалану, деформалану, конверсия. 
Дәріс мәтіні 
 
Сын есімдер – заттың салмағын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін, 
аумағын, басқа да түрлі сындық белгілерін білдіретін сөз табы. Осыған орай 
сын есімдер басқа сөз таптарынан өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері 
және синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленеді. 
Сын есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігін, өзіне тән белгілерін 
айқындауға қатысты түрліше көзқарастар да бар. Мәселен, «Қазақ тілінің 
грамматикасында» (І б, 1934) І. Кеңесбаев, С. Аманжолов анықтауыш 
қызметіндегі сөздердің барлығын (күміс, шай (қасық)) сын есім деп, сын 
есімдерді мағыналық жағынан бөлгенде де, екі зат есімнің тіркесіндегі 
анықтауыш қызметін атқарып тұрған алдыңғы зат есімді тек сыны және 
функционалдық сын деп қарастырды.
Сондай-ақ зат есімнің грамматикалық категорияларын сын есімге де ортақ деп 
қарайтын пікірлер болды. Мұндай пікірлердің қалыптасуына сын есімнің зат 
есімнен толық бөлініп шығуына және оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз 
болатын басты белгілердің анықталмауы себеп болды.
Сын есімді өз алдына жеке сөз табы ретінде тануға Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов 
т.б. ғалымдардың пікірлері негіз болды. Ғ. Мұсабаев, біріншіден, сын есімді 
зат есімнен бөліп алуға негіз онда форманттың жоқығы, екіншіден, сын 
есімнің синтаксистік қызметі, негізінен анықтауыш екендігін айта отырып, 
осы белгілер оны жеке сөз табы ретінде тануға негіз болатындығын көрсетеді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет