№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет61/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
61 
қилы дыбыстарға еліктеуден, сондай-ақ сол құбылыстар мен заттардың, 
адамдар мен жан-жануарлардың сыртқы сипаты мен қимыл-әрекет, 
қозғалыстарының түрлі көріністерін бейнелеу нәтижесінде пайда болған 
сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Еліктеу сөздерге қатысты А.Ысқақов 
«мимема» ұғымын қолданады. Еліктеу сөздер семантикалық сипатына 
қарай екіге бөлінеді: еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. 
Бұл топтағы еліктеулердің өзі табиғат құбылыстарына, жанды-жансыз 
заттардың қимыл-қозғалысына, бейнесіне қатысты ұғымдарды 
сипаттаудағы ерекшелігіне қарай іштей мағыналық жағынан 
ерекшеленді. Н.Оралбай олардың бірнеше топтарын бөліп көрсетеді /4, 
435-437/.
Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, олардың 
дыбыстық құрамы, буын жігі және айтылу ырғағы ескерілуі тиіс /7, 553/. 
Дыбыстық құрамы жағынан еліктеу сөздерде қалыптасқан орнықты 
жүйе бар екендігі белгілі. Оған түбір және туынды тұлғалы еліктеу 
сөздер дәлел бола алады. Буын жігіне қарай еліктеу сөздер бір, екі және 
үш буынды болып бөлінеді. Оның ішінде бір буынды еліктеулер таза 
еліктеу сөздердің өзінен жасалса, екі буындылар еліктеу сөздерден, ал 
үш буындылар басқа сөз таптарынан жасалады. Еліктеу сөздердің 
құрамындағы дауысты не дауыссыз дыбыстардың әр түрлі ырғақпен 
түрліше айтылуы адамның көңіл-күйіне, эмоциясына байланысты 
(мысалы, шыр-шырр, сарт-саарт, дар-дарр, баж-бажж т.с.с.) болып 
келеді.
Морфологиялық құрылымына қарай еліктеу сөздер жалаң және күрделі 
болып бөлінеді. Мысалы, ербең, жарбаң, маймаң, қорбаң т.с.с. Мұндай
түбірлердің бастапқы тұлғасына қатысты түрлі пікірлер бар. Мәселен, 
К.Аханов мұны морфологиялық сіңісу құбылысының нәтижесі ретінде 
түсіндіреді/8, 27/.Күрделі еліктеу сөздер негізгі немесе туынды 
еліктеулердің қосарлануы не қайталануы арқылы жасалады.
Синтаксистік тіркесімділігі жағынан еліктеу сөздер зат есім және 
етістіктермен тіркеседі. Бірақ аталған сөз таптарымен тіркесімділік 
сипаты бірдей емес. Зат есімдерге қарағанда, еліктеу сөздер 
етістіктермен тіркесуге бейім болып келеді. Етістіктермен тіркесу 
қабілетінде де, басқа етістіктермен салыстырғанда, ет көмекші 
етістігімен еркін тіркесе береді. Зат есім, етістік сөздермен тіркесуі 
нәтижесінде еліктеу сөздер сөйлемде анықтауыш және пысықтауыш, 
құранды мүше құрамында баяндауыш, заттанған жағдайда бастауыш, 
толықтауыш қызметінде жұмсалады.
Одағайлардың 
сөз 
табы 
ретіндегі 
лексика-грамматикалық 
ерекшеліктері: біріншіден, олардың нақты ұғымдық мәні жоқ, сол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет