№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет60/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

 
№14 – дәріс 
Тақырыбы:
Еліктеуіш сөздер, мағыналық топтары. Одағайлар.
Мақсаты:
еліктеу сөздердің сөздерді таптастыру ұстанымдарына 
қатысы, 
фонетика-морфологиялық, 
интонациялық 
ерекшелігі, 
мағыналық топтары туралы түсінік беру, қазақ тіліндегі одағай 


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
60 
сөздердің сөз табы ретінде қалыптасуы, түрлері, лексика-
грамматикалық және интонациялық ерекшелігі мен қызметі туралы 
ғылыми тұжырымдарды саралау, түсінік беру. 
Дәріс жоспары: 
1. Еліктеу сөздердің сөз табы ретінде қалыптасуы
2. 
Еліктеу 
сөздердің 
түрлері, 
фонетика-морфологиялық, 
интонациялық ерекшелігі.
3. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі. 
4. Одағай сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.
5. Одағайлардың түрлері, интонациялық ерекшеліктері.
6. Синтаксистік сипаты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:
мимема, еліктеуіш, бейнелеуіш 
сөздер, көңіл күйі, шаруашылық, қатынас одағайлары, топтасқан
топтаспаған, императивтік, ишарат, тұрмыс-салт одағайлары. 
Дәріс мәтіні 
Еліктеу сөздердің жеке сөз табы ретінде қарастырылуы тікелей А. 
Ысқақовтың есімімен байланысты деп айтуға болады. Ғалым қазіргі 
қазақ тілінде «еліктеу сөздер» деген өзгеше бір сөздердің тобы бар 
екенін сонау 1948 жылдардың өзінде-ақ айтқан болатын /1, 28/. Еліктеу 
сөздердің сөз табы ретінде қалыптасу тарихына келсек, А. Байтұрсынов 
еліктеу сөздерді одағайдың ішінде ілездік және еліктеу одағайы деп 
бөліп қарастырады /2, 261/. Ал Қ. Жұбанов «жалт-жұлт», «жылт-жылт» 
дегендер құбылыстың тұрақты, тұрақсыздығын, бір қалыпта болатын-
болмайтынын білдіретін қолданыстар ғана» деп /3, 101/ одағай мен 
еліктеу сөздердің аражігін бөліп көрсетеді.
Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан өзінің семантикалық сипаты мен 
дыбыстық құрамы жағынан ерекшеленеді. Ал морфологиялық 
құрылымы тұрғысынан олар түрлену жүйесіне түспейді. Н.Оралбай 
еліктеуіш сөздердің басты ерекшеліктері ретінде олардың мағынасы
дыбыстық құрамымен қатар сөзжасамдық салғырт қабілетін де атап 
көрсетеді /4, 337/. Ғ.Әбуханов еліктеу сөздерді өзге сөз таптарына 
мағыналық жағынан да, морфологиялық белгілері жағынан да 
ұқсамайтын, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде де, жазба әдеби тілде де 
кеңінен қолданылатын сөздер табы ретінде қарастырса /5,175/, 
А.Ысқақов олардың семантикалық, грамматикалық сыр-сипатымен 
қатар, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да ерекшеленетін 
дербес сөз табы деп көрсетеді /6, 359/.
Сонымен табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың 
бір-бірімен қақтығысуынан немесе дыбыстау мүшелерінен шығатын әр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет