1 Дәріс. Теңіздік геодезияның мақсаттары. Теңіздегі геодезиялық жұмыстардың ерекшелігі



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі244,95 Kb.
#84608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Морская геодезия УМКД

Материктік беткей
Материктік беткей — қайраң мен материк баурайының аралығындағы кейде 3500 м тереңдікке дейін созылатын материктің суасты шетінің бөлігі. Беткейдің еңістігі орта есеппен 4—7 градус, ал кейде 20—30 градусқа дейін жетеді. Мұхиттың кейбір үлескілеріндегі материктік беткей терең су асты шатқалдарымен тілімденген болып келеді. Олардың пайда болу себептері әр түрлі. Бұл шатқалдардың бір бөлігі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қалыптасады, көпшілігі қойыртпақ тұнба (суспензия) ағыстардың беткейлерді "аралау" әрекетінің нәтижесі. Кейбір шатқалдар — бұрынғы су басқан ірі өзен арналары мен аңғарларының орны.
Жер қыртысының қуаттылығы континентальды зонасында шельфтен алыстаған сайын кішірейеді және 8км (Тынық мұхитында 4 км) минимальды маңызға ие болады. Жер қыртысының әлсіреуінен гранитты қабаттың сыналануы байқалады. Жер қыртысының материктік типіне тән белгілер мұхит шұңғымасының орта бөлігіне қарай жойылады., ал жер қыртысының мқхиттық типіне тән белгілері айқын көрінеді. Континентальды беткейдің тектоникалдық құрылысы шиеленіскен жағдайымен сипатталады.
Материктік беткейдің дамуы кезінде аса маңызды болып вулканизм құбылыстарын айтуға болады. Олар, аралдық доға облыстарында жер қыртысының континентальды блоктарын көбеюіне ықпал етеді. Арал доғаларын қоршап тұрған терең су асты науашықтары, мқхит қабатының таралу зонасында орналасады және өтпелі зонасымен генетикалық байланыста бола тұра, мұхит табанымен табиғи шекараны құрайды.
Континентальды бөктер зонасының морфоқұрылымдық қатынасы 2 типке бөлінеді:

  1. Құрылымы біркелкі оңай зона, онда ортаңғы бөлігі уақталған үйінді формалары, сатылар, көлденең және параллель жоталарымен шиеленіскен.

  2. Құрылымы күрделі зона, олар аралдық доғаларды, суасты жоталарын, шеткі теңіз науашықтарын қамтиды.

Материктік баурай үстінен су асты каньондары, сансыз көп кертпешелер және алаптар өтеді. Әдетте, каньон бастаулары қазіргі үлкен өзен сағаларына қарама-қарсы орналасады. Бұндай каньондардың пайда болуын тектоникалық процесстермен де, Дүниежүзілік мұхит деңгейінің едәуір төмендеуі кезеңіндегі эрозиялық құбылыстармен де байланыстырады.
Мұхит шұңғымалары және материк шекарасында орналасқан - абиссалды науашықтар және аймақтық белестер Жер қыртысының тереңдік опырылмаларында орайластырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет