1 Дәріс. Теңіздік геодезияның мақсаттары. Теңіздегі геодезиялық жұмыстардың ерекшелігі



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі244,95 Kb.
#84608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Морская геодезия УМКД

Дүниежүзілік мұхит табаны
Мұхит табаны орташа есеппен 5 км тереңдікте болады және оның алып жатқан көлемі 277-106 км2, яғни Дүниежүзілік мұхит аумағының 77 %-ы. Бұл көрсеткіш Жер бетінің 55 %-ына сәйкес келеді.
Мұхит табанының бедерінің айрықша үлкен формалары болып: абиссалды жазық, мұхиттық үстірт, мұхит жотасы, үлкен толқындар және тереңдік науашықтар; есептеледі.
Абиссалды жазық – мұхит табанының, еңісі 10-3 аспайтын облысы болып табылады. Абиссалды жазықтар кеңінен тараған және олар материктік баурай іргесінде орналасқан. Олардың бедері тегіс болып келетіні соншалық, егерде ұсақмасштабты түсірілім жүргізілетін болса, мұхит табаны бетінің вертикальды профильдері тік сызық ретінде көрінеді. Әлбетте, бұндай беткейлер ұзақ уақыт бойы шөгінділерінің суспензиялық ағыс, яғни седиментация(тұндырып бөлу) нәтижесінде пайда болды.
Адыр-бұдырлы абиссалды жазықтар деп аталатып және материктен алшақтау орналасқан аумақтардың беті қатты тілімденген болып келеді. Бұнда түпкілікті бедері әлдеқайда анық көрсетілген, ал оның ерекше формалары шыңы кесілген, «гайот» деп аталатын жанартаулық конустарды құрайды. Жанартаулық таулар мұхит бетінен көтеріліп аралдар болып қалыптасады.
3000 - 4000 м тереңдіктегі мұхит табаны аумақтарында бедері ерекше қатты тілімденген – жанартаулық үйінді зоналары бар. Бұндай аумақтар «суасты белестері» деген атауға ие болды. Олардың пайда болуын қазіргі тектоникалық қозғалыстар және вулканизммен байланыстырады.
Мұхит үстірті – мұхит түбінен бірнеше жүз метр биіктікке көтерілген және көлемі бірнеше жүз километрге дейін баратын бедер формасы ретінде көрсетілген. Әдетте, үстірт тереңдігі шамамен 2500 м болады. Үстірттің тегіс беті - тектоникалық жымдармен кескіндейтін және абиссал түбінен алыстататын сатылар әсерінен бұзылады.
Орталық-мұхит жотасы дегеніміз, толықтай дерлік жанартау жынысы - базальттан құралған, жер қыртысының көтерілуі. Олардың осьі мұхиттың орталық сызығына сәйкестендірілген. Бұндай жоталардың ұзындығы және ені бірнеше мың километрді, тілімдену амплитудасы бойынша 3-4 км-ге дейін болады.
Орталық-мұхит жоталары барлық мұхиттарда кездеседі. Алып жым тәрізді, олар бүкіл Жер шарын меридиан бағыты бойынша қоршайды және жалпы ұзындығы 60мың км (тармақтарымен 80 мың км.) болатын біріңғай планеталық жүйені құрайды.
Орталық-мұхит жотасының маңызды элементі: тұрақты бойлық жылға бөлігінде жа жоғарылату болып табылады. Плавное протяжение срединных хребтов нарушается поперечными разломами, получившими название трансформных.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет